«Қазір аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 9 науқас жатыр. Бұлардың жағдайы жақсарып келеді. Өз қалауымен амбулаторлық ем алуға жіберілдер де бар.. Ал басқа науқастар денсаулығының түзелуіне байланысты ауруханадан шығарылды. Сушиден уланған науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды», деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындарға суши сатқан «Три самурая» дәмханасы жабылды.