Аймақтар • 04 Қаңтар, 2021

Екі павлодарлық аязда үсіп қалды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда екі ер адам аязда үсіп қалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Екі павлодарлық аязда үсіп қалды

«1973 жылғы ер адам орташа ауырлықтағы жалпы үсіп қалу диагнозымен терапиялық бөлімге жатқызылды. Ол орташа деңгейде масаң күйде болған», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аязда үсіп қалған екінші ер адам – 1960 жылғы. Ол ауруханаға білегін ІІІ дәрежелі үсік шалу диагнозымен жатқызылған.