Нұр-Сұлтан қаласында мобильді топтар ойын-сауық мекемелеріне салынған тыйымның бұзылу фактілерін анықтап, жолын кесуді жалғастыруда. Мысалы, Байқоңыр ауданында «Сивый мерин» сыра барында келушілер туған күнін түнде атап өтті.
«Кедровый бор» саунасында да уақытша шектеу шаралары еленбеді. Ал «Шашлыкофф» гриль-барында мекеме қонақтары әлеуметтік қашықтықты сақтамаған және кальян пайдаланған.