Ауа райы • 04 Қаңтар, 2021

Ақмола облысында аязда жолда қалған жолаушылар құтқарылды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында аязда жолда қалған жүргізушілер мен жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында аязда жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Ведомствоның мәліметінше, өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Нақтырақ алғанда, дизель отыны бар автокөліктер үшін елді мекендерден тыс жерлерге шығуға тыйым салынды. Полиция тарапынан аязға байланысты төтенше жағдайларды болдырмау үшін патрульдік және жолдарға мониторинг жүргізу жұмыстары күшейтілді.

Облыста 257 жылыту пункті жұмыс істейді, оған ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған адамдар жеткізілуде.

«Өткізілген іс-шаралардың арқасында облыста төтенше жағдайларға жол берілген жоқ. Алайда, аядан көлігі істен шығып, жолда қалған алты адамға полиция көмекке келді. Мәселен, ПД ЖПҚБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция лейтенанты Ғани Әбдуәлиев пен полиция аға лейтенанты Жасұлан Шпекбаев «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолының 145 шақырымында «Mercedes» автокөлігін байқаған. Полиция қызметкерлері жүргізуші мен жолаушыларды Ерейментау қаласындағы қонақүйге апарды, көлікті де қонақ үй тұрағына жеткізді», дейді ведомстводан.

Бұдан бөлек, аязда істен шыққан «Лексус» автокөлігіне көмек көрсетілген. Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерге өте мұқият болуға, ауа температурасы төмендеген кезде жолға шықпауға кеңес береді.