Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 2 миллион теңгені құрайды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Осыдан соң оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді. Мал таситын көліктерді, мал базарларды түгел тексеріп шықты. Небәрі бір күн ішінде жедел уәкілдер 8 бас сиырды 4 жергілікті тұрғынның ұрлағанын анықтады. Күдіктілер көршілес ауылдың тұрғындары болып шықты.
Олардың үшеуі қолға түсіп, біреуіне іздеу жарияланған. Ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілді. Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушінің үйінде жоқ екендігін пайдаланып, алдын ала сөз байласып, өз арам істерін іске асырған. Содан соң сиырларды таныстарының үйіне алып барып, сол жерде екеуін сойған. Етін өзара бөліп алған. Ал қалған малды сойып немесе сатып үлгермейді. Өйткені арыз түскеннен соң жедел әрекетке көшкен полицейлер оларды қалған алты сиырмен бірге сол күні ұстап, тәркіленген ірі қараларды иесіне қайтарды. Күдікті төрт ер азаматтың үшеуіне қатысты іс сотқа жолданып, соттың шешімімен 5 жылға бас бостандықтарынан шектеу жазасы тағайындалды.
Ал іздеуде болған 4-ші күдікті де ұсталып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Іс толық аяқталып, құжаттар жинақталғаннан соң оның да ісі заңға сәйкес сотқа жолданатын болады.