Президент • 05 Қаңтар, 2021

Президент ұлттық болмысымызды сақтап қалудың маңыздылығын айтты

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ұлт ретінде сақталып қалу үшін жаңа сын-қатерлерге дайын болуымыз керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ұлттық болмысымызды сақтап қалудың маңыздылығын айтты

«Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент пандемия салдарынан бүкіл әлем бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келгенін сөз етті.

«Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі», - делінген Мемлекет басшысының мақаласында.