Мәселен, «Барыс» клубының капитаны Даррен Диц қорғаушылар арасында ең үздік сұрмерген атанды. Ол өткен жылы ҚХЛ-да жалпы саны 52 ойын өткізіп, 31 ұпай жинаған. Яғни маусым бойы қарсылас қақпасын 19 мәрте дәл көздеп, 12 рет әріптестеріне нәтижелі пас асырған. Сонымен қатар қазақстандық команданың хоккейшісі жылдың ең нәтижелі 5 ойыншысының қатарынан көрінді. Ал «Барыс» қақпашысы Йони Ортио желтоқсан айының үздік қақпашысы атанды.
Айта кетейік, елордалық команда ҚХЛ-дің ең кейінгі ойынын «Барыс Аренада» Магнитогорскінің «Металлург» клубымен өткізіп, тартысты өткен матчтың қосымша минутында 3:2 есебімен басым түсті. «Барыстың» овертаймдағы жеңісті голын Мэттью Фрэттин соқты. 38 ойында 45 ұпай жинаған жерлестеріміз бүгінде тұрақты біріншіліктің «Шығыс» конференциясында 8-орында келеді.