Экология • 05 Қаңтар, 2021

Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекске қатысты пікір білдірді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекстің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекске қатысты пікір білдірді

«Бұл аса маңызды құжат. Ол жан-жақты талқыланды. Жасыратыны жоқ, экологиялық және экономикалық мүдделер арасындағы тепе-теңдікті ескеру қажет болғандықтан қиындықтар кездесті. Экологиялық ахуалды барынша тез жақсартамын деген азаматтардың ықыласын түсінуге болады. Алайда бұл ахуалдың жақсаруы бір дегенде емес, бірнеше жылдың ішінде орын алады. Себебі экологияны жақсарту үшін біздің өнеркәсіпте айтарлықтай техникалық және технологиялық жүйелі өзгерістерді іске асыру қажет», деді М. Мырзағалиев.

Осы орайда министр Мемлекет басшысы жақында ғана қол қойған кодекстің реформаторлық құжат екенін айтты.

«Үш күн бұрын Мемлекет басшысының Экологиялық кодекске қол қойғанын ерекше қуанышпен атап өткім келеді. Қабылданған құжатты реформаторлық деп атауға болады. Ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) мен Еуропа елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып, пысықталды», деді ол.