Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел газеті «Егеменде» жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы еліміздің жүріп өткен отыз жыл ішіндегі жеткен жетістіктері ғана емес, жарқын болашағы туралы байсалды талдау жасауымен де қоғамдық санаға сілкініс жасап, ұлтқа бағдар беретін тұжырымдамалық сипатымен оқырманға ой салды. Сондықтан бұл құнды құжатты бүгінгі белесімізді бағамдаған, болашағымызға бағдар берген, қоғам құндылықтарын таным мен талғам таразысынан толғаған, ұлтты ұраншылдыққа емес, ұстамдылыққа үндеген ұлағатты мақала деуге негіз бар.
Тәңірге тәубе, тәу етер тәуелсіздіктің алғашқы үш он жылдығында еліміз орасан жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы мақалада жүйелі, жақсы айтылған. Сонымен қатар алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті қуатты елдің иесі һәм кемел халық болу екенін, бұл үшін ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қажеттігін қаперге салады. Егемендіктің мәңгілік үштағаны – байтақ жеріміз, қастерлі тіліміз және бойтұмардай береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауға шақырады.
Әрине, ұлттық сананы тарихи сана қалыптастырады. Тарихын терең білген, тамыр тартып, тағылым алған ұлт тәуелсіздіктің тегін келмегенін ұғынады. Бұл ретте Елбасының «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» сынды кешенді бағдарламалар жасау арқылы тарихи санамызды жаңғыртуға рухани негіз, деректемелік бай қор жасап, таптаурын қияс түсініктерден санамызды азат еткенін айтқан Президенттің тарихшыларға отандық канондық тарих жазу, сол арқылы ұрпаққа ұғынықты, қарапайым тілмен өткенімізді насихаттау, көркем және деректі фильмдерді көбейту секілді тапсырмалар беруі – уақыт созбай шешімін табуға тиісті өзекті мәселе екені айдан анық.
Ашаршылық, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау, тізімін жасау, ақиқатты қалпына келтіру – бостандық пен елдік жолында шейіт болған боздақтардың алдындағы өтелмеген парыз. Қызыл қырғын, зұлмат сүргін, соғыстың зардабы, сай-салада шашылып қалған ақсөңке сүйектер, жат жерді жастанып көз жұмған босқындар тағдыры – жанкешті қазақ елінің басынан кешкен әлемдік тарихта сирек болатын ұлы нәубет. Биыл оған да жүз жыл толмақ. Өткенге салауат айту үшін де осы қасіретті шежірені архив деректерімен, бұлтартпас құжаттармен айғақтау – ұрпаққа борыш, ұлтқа сын. Бұл ретте таяуда ғана Президент Жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияға жауапкершілік жүгі артылары анық.
Кезінде «Өткен күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз бабам тілі, сен қалдың» деп ақиық Мағжан ақын айтқандай, ана тілі қоғамды біріктіруші, тұтастырушы, елдікті қалыптастырушы бірегей құндылық екені белгілі. Алайда ана тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге кедергі келтіретін жайттар да ойландырмай қоймайды. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы Заңның баптарына уақыт талабына сай өзгерістер енгізу қажет. Әсіресе аталған Заңның 23-бабында айтылған «Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесiн» бекітудің уақыты жетті деген ойдамыз.
Дана халқымыз «жер-судың аты – тарихтың хаты» деген. Түркістан облысының атауы тарихи сананы жаңғыртуға елеулі ықпалы болғанын айтқан Президент қазақ даласының теңдессіз жер жаннаты екенін, осынау ұлан-ғайыр аумақты бізге сырттан ешкімнің сыйға тартпағанын, сондықтан да жердің сатылмайтынын тағы бір рет еске салды.
Қасиетті жерімізге байырғы атауларын қайтару да – тәуелсіздік әкелген әділеттің жемісі. Әйткенмен, бұл бағытта кешеуілдеп келе жатқан толғақты жайттың бірі – даламызда оспадар жүйеден қалған отарлық атауларды ауыстыру мәселесі. Бұл ретте Алтай, Баянауыл, Сарыарқа, Қызылжар, Сарайшық, Ертіс, Жайық секілді байырғы жарасымды атаулар «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», қай өңірге де сұранып тұр емес пе?! «Бос жатқан жер жау шақырады» дегендей, Мемлекет басшысының халқы селдіреп, сиреп қалған шекаралық аймақтар туралы алаңдауы – шешімін кешеуілдетуге болмайтын стратегиялық маңызды жоба. Сондықтан оңтүстіктен солтүстікке, шығысқа отбасыларды көшіру, шетелден келетін қандастарды жүйелі шоғырландыру, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына жеңілдік жасап, арнайы мәртебе беру де күн тәртібінде күтпейтін мәселе.
Бостандық – бар бақытымыз бен байлығымыздың бастауы! Айшықты азаттық – аталарымыз бен Алаш арыстарының аңсары! Сондықтан тәуелсіздік тәуекелі тоқмейілсуді көтермейді, ендеше еңсе тіктеген елдігімізді сұқ көздер мен суық сөздерден сәт сайын, сағат сайын табанды қорғау қажет! Мерейлі меже алдындағы мағыналы мақала бізді осыған үндейді.
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар