Оңтүстік Қазақстан • 06 Қаңтар, 2021

Шымкентте 211 нысанда орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылы 230 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 307,2 шақырым жол қамтылды. Соның 211-і немесе 267 шақырымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 211 нысанда орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жыл қорытындысы бойынша баяндады.

20 магистралды көше, 110 ішкі орам көшелері және шалғай аудандардағы 100 жол қалпына келтірілген.

1) Байтұрсынов көш. орташа жөндеу, ұзындығы 3,5 шақырым;
2) Түркістан көш. орташа жөндеу, ұзындығы 1,9 шақырым;
3) Республика даңғылы орташа жөндеу, ұзындығы 5 шақырым;
4) Сырым батыр көш. орташа жөндеу, ұзындығы 4,8 шақырым;
5) Гагарин көш. орташа жөндеу, ұзындығы 5,1 шақырым;
6) Құрманбеков көш. орташа жөндеу, ұзындығы 1,9 шақырым;
7) Рысқұлов көш. орташа жөндеу, ұзындығы 4,1 шақырым;
8) №1 автожол, ұзындығы 5,3 шақырым;
9) Қалдаяқов көш. ұзындығы 1,1 шақырым;
10) Асқаров көш. ұзындығы 1,1 шақырым;
11) Қазиев көш. ұзындығы 2,1 шақырым;
12) Аймауытов көш. ұзындығы 1 шақырым;
13) Жібек жолы көш. ұзындығы 1 шақырым;
14) Анаров көш. ұзындығы 1,2 шақырым;
15) Төлеби көш. ұзындығы 2,6 шақырым;
16) Қапал батыр көш. ұзындығы 4,7 шақырым;
17) Тайманұлы көш. ұзындығы 2,8 шақырым;
18) Жангельдин көш. ұзындығы 1,3 шақырым;
19) Рысқұлбеков көш. ұзындығы 1,4 шақырым;
20) Рашидов көш. ұзындығы 2,5 шақырым.

Мұндағы Рысқұлов, Байтұрсынов көшелері мен Республика даңғылынан басқалары осы жылы пайдалануға тапсырылды.