Жетісу ауданы Алматы қаласының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі.
Ауданның өндіріс көлемі 941 өнеркәсіп кәсіпорындары есебінен қалыптасады, оның ішінде: 37 ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары және 904 шағын кәсіпорындар.
Статистикалық деректер бойынша 2020 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 212,3 млрд.теңгені құрады.
2020 жылы бөлшек сауда көлемі 743,7 млрд. теңгені, көтерме сауда көлемі 1 трлн.теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 6 968 кәсіпорынды құрап, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 8,7% - ға өсті, бұл біз үшін өте маңызды көрсеткіш болып табылады.
«Пандемияға байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан, нарықтарды жаңғырту және индустриялық-инновациялық жобалардың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 45,8 млрд.теңгені құрады», - деп хабарлады ол.
Мысалы, 2020 жылы жалпы инвестиция көлемі 4,4 млрд.теңге және 113 жұмыс орнын құрылған инвестиция көлемі 600 млн. теңге және 600-ге жуық жұмыс орны бар «Ялян-2» базары жаңғыртылып, санитарлық-гигиеналық өнім өндіру бойынша «Papirone» ЖШС фабрикасының ашылды.
«Биылғы жылы «Рахат кз» базары мен «Алатау» базарының 4 блогын жаңғыртуды аяқтау, сондай-ақ «Керемет» сауда үйінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 3 жоба инвестициясының жалпы сомасы 2,6 млрд.теңгені құрайды, 880 жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Гүлнар Көкебаева.
Биылғы жылы жалпы инвестиция сомасы 1,3 млрд.теңге және 150 жұмыс орны құрылатын «Вираж» автосалонының құрылысын аяқтау жоспарлануда.