Аудан бойынша 12 360 бірлік сыртқы жарықтандыру желілерінің тіректері бар (377,7 км), ауданның жарықтандырылуы шамамен 93% құрайды.
«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2020 жылы 6 106 сыртқы жарық нүктелері жаңғыртылды, оның ішінде: 3 563-і жаңартылды; 2 543-і салынды. Бұдан басқа, ұзындығы 88 км сыртқы жарықтандыру желілерін (көшені жарықтандыру, ішінара жарықтандыру, аулалар мен өту жолдары) салуға ЖСҚ әзірленуде. Оның аяқталуы бойынша ауданның жарықтандырылуы 100% құрайды», - деп хабарлады Сайран Сайфеденов.
Сонымен бірге, «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында басқарылатын урбанизация және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ауданда бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде 60 үйде лифт жабдықтарын ауыстыру және шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ПИК (47 ПИК) өз қаражаты есебінен 385 КПТҮ жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл шатырларды, кіреберістерді, сыртқы қабырғаларды және инженерлік желілерді жөндеу.
Лазарев, Актюбинская, Солнечная, Чернова, Мануильский, Юбилейная, Щепетков, Запатоцкий, Касаткин көшелеріндегі кәріз желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. 8 көп пәтерлі тұрғын үйлер (62 мың шаршы метр) салынды. 4 КПТҮ аяқталу сатысында (39 мың ш. м.).