Жолай Бүркіттің бөктеріндегі Топқайың ауылына бұрылғанбыз. Қазақ прозасының қара нары –Қалихан Ысқақтың кіндік қаны тамған ауылға... Соған орай туған інісі Сайлаухан ақсақалдан естеліктер жазып алмақ ниетте Ысқақтың үйіне барып тоқтадық. Рас, бұл шаңырақты үлкендер бертінге дейін Ысқақ үйі десетін. Ақ тақиялы, шоқша сақалды Сайлаухан Қабатаев кіреберістен қарсы алды. Ағасынан, Қалихан Ысқақтан аумайды екен. Есендескен соң «бұл үйге жазушылар мен журналистер жиі келеді» деп бізді төрге оздырды. Келетінімді күні бұрын хабарлап айтып қойған соң ба, Қалихан Ысқақтың кітаптарын, сарғыш тартқан екі-үш альбомды үстелдің үстіне тізіп қойыпты.

– Қалихан ағамыз осы үйде туды ғой...
– Қалихан да, мен де, Қайникамал да осы үйде тудық. Қалиханды нағашылары қырқынан шықпай бауырына басып алған соң шешемізді апай деп кетті. Жетінші сыныпқа дейін осы Топқайыңда оқып, оныншыны төменгі Жұлдыздан бітірді. Әсіресе әдебиетке жақсы еді. Қиялы ұшқыр ғой, терезенің түбінде отырып алып, еркін тақырыпта шығарма жазатын. Сонда мұғалімдері «түптің-түбі осыдан жазушы шығады» дейтін. Дәл болжапты. Тағы бір қасиеті – өте ұқыпты еді. Құрал-саймандары қай жерде тұр, сол жерде тұратын. Орындары ауысып кетіп, іздеп жүрмейтін. Онжылдықты тәмамдаған соң Алматыға журналистика факультетіне түсті. Кейін мен де Киров атындағы университетке оқуға түсіп, бір жыл қасында тұрдым. Ерінбейтін еді ғой. Ерінбейтіні сондай, жастар жазған шығармаларын алып келіп, осыны оқып беріңізші десе, қарқ-қарқ күліп алатын да, «сендер көрсетіп бер дейсіңдер де, маған жазғызасыңдар» деп таң атқанша отырып, әлгілердің әңгімесін жазып беретін. Өзі 3 курста-ақ «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп жүрді. «Менің ағаларым», «Менің інілерім» деген кітаптары шықты. Әрбіреуін оқып отырдық. Студенттер кездесуге жиі шақыратын. Соңғы шыққан екі томдық кітабы «Келмес күндер елесі». Оқыған шығарсың, онда кешегі өткен елдің жағдайы, жер-су атауларының тарихы, өз замандастары туралы баяндалады. «Бұны жалғастыруыма да болар еді» дейтін. Үлгермеді. Соңғы жылдары күні-түні жазды. Тынбай еңбектенді.
– Ауылда ше, қандай шығармаларын жазды?
– Ауылда қолына қаламсап ұстағанын бір көрген жоқпын. Ауылға келген соң тақырып іздейтін. Өзімен құралпыластармен, үлкендермен ұзақ әңгімелесетін. Ауылдың үлкендері «айтылған әңгімелерді неге жазып отырмайсың?» деп сұрайтын. Сонда Қалихан «мен миыма жазамын. Сендер әңгіме айтып отырсаңдар, мен жазып отырсам, несі әңгіме, ыңғайсыз болмай ма?! Келесі жылы аттарыңа дейін өзгертпей жазамын» дейтін. Дегеніндей-ақ, бір-екі жылдан соң әлгілер өздерін кітаптан оқып мәз болып жүретін.
– Қалағамыздың шығармаларында жағымсыз кейіпкерлер де баршылық. Солардың ішінде «атымызды өзгертпей жазды» деп ренжігендер жоқ па еді?
– «Ақсу – жер жәннатындағы» басты кейіпкер Сыйғатты жаңаша ойлайтын, алдын болжайтын адам ретінде көрсетті. Сонда кейбіреу «ол колхоз бастығы болатындай дәрежеге жеткен жоқ қой» деп сынағысы келсе, «ол болашақтың әңгімесі» деп қысқа қайыратын Қалихан. Иә, кейіпкерлерінің көбі ауылда тұрады. Бірақ бәлендей ренжіп, жүз шайысқан ешкім жоқ. Ерғали Ақшамбаев деген құрдасы бар. Екеуі бала күннен бірге өсті. Сонда Ерғали ғана «Ақсу – жер жәннатында» мені орыстың қызына үйлендіріп қойғаның не?» дегені есімде. Әзілдеп те айтқан шығар. Өйткені екеуі қатты дос еді. Бала күндерінде көрші Түрленбайдың бақшасына түсіп, ұсталып қалғанда «Ерғалидың орнында мен болатынмын» деп Қалиханның таяқ жегені де бар. Ол заманда көкөністі бірен-саран ғана адам салады. Балалық қой, Ерғали мен Қалихан бақшаға түсетін. Ұрлайтындары сәбіз. Мені сыртқа қоятын да өздері ішке кіретін. Мен баяғы біреулер келе жатса, белгі беремін. Сонда өздеріне екеуден, маған біреуін ғана беретін. Еңбекті де адал бағалайтын деп кейін күлем ғой.
– Балалық шақтарыңыз қызыққа толы болған сияқты...
– Е-е-е, ол заманда қайдағы балалық дейсің. Кішкентайымыздан еңбекке араластық. Қалихан бала күнінен жұмыскер. Сабақтан соң Қарамайдан қолшанамен отын тартамыз. Жолы қиын. Өрі бар, еңісі бар. Тыртыңдап, бұлаққа дейін түсеміз. Бері таман келгенде менің қарыным аша бастайды. Еркелік те шығар, шаршадым деп қардың үстіне жата қалатынмын. Қалихан «алдыма түс» деп менің қолшанамды өзінікіне іліп алып, үйге дейін жеткізетін. Содан таң атар-атпастан мені аяғымнан суырып алатын. Кеше әкелген отынды кесіп, жарып шабақтап отырып жинаймыз. Қырмызы тәтеміз осында тұрған. Үйдің тірлігін күйттеп жүретін кісі еді. Қалихан сонда тәтеме отынды санап апар, әйтпесе көп жағып қояды дейтін. Мен алғашында санап апаратынмын... Кейін ержеткен соң түсіндім, бұл Қалиханның сараңдығы емес, маңдай терді бағалауы екен. Еңбектің наны тәтті ғой. Қырмызы тәтемді айтамын, «халық жауы» деп айдалып кетті. Кетіп бара жатып Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиндердің кітаптарын киізге орап, үйдің іргесіне көміп кетіпті. Жетінші-сегізінші сыныптарда ғой деймін, Қалихан сол кітаптарды тауып алып оқыған. Содан бастап өлең жазуын да қойып кетті. Қара сөзге көше бастады.
Жаздың күні шөпке бірге барамыз. Жеткенше менен көңілді адам жоқ. Барған соң әрі-бері шөп жинаған болып жүремін. Таңғы салқын қайтып, күн көтерілгенде шыбын-шіркей жей бастайды. Шаққан сайын кетіп қалуға сылтау іздейтінмін. Шағын ыдыспен апарған көжеміз бар. Сол біткен соң жата тұрамын деп көлеңке іздеген боламын да қашып кететінмін. Оған бола Қалихан қабақ шытпайтын. Жетелеп жүріп жеткізді. Қамқорлығын көп көрдім. Келмеске кеткен күндердің қайсы бірін айтайын?!
– Келмес күндер демекші, басқа да аяқталмай қалған шығармалары жоқ па? Қолжазбаларын қарап көрмедіңіз бе?
– Аяқталмай қалған дейсің бе, болуы да мүмкін. Мұнда жазбады ғой. Мен көргенде, ауылға аудармаларын алып келіп оқып жататын. Мәскеуде, Қытайдың Алтай аймағында болды. «Қытайда жазылмаған көп дүние бар екен, тағы бір барсам» деп жиі айтып жүретін. Бірақ Алтай аймағынан алып келген тарихи деректерін жаза алмады. Көп ұзамай қайтыс болып кетті. Құдай сәл ғұмыр берсе, қаламынан тағы құнды дүниелер туар ма еді?! Әйтеуір мәшіңкесі, бар кітаптары осындағы үйінде тұр. Барлық шығармашылығы осында. Жазда келіп көруіңе болады, қазір кіре алмаймыз.
– Алтайға сапарлап келгендердің көбі Қалиханның, Оралханның, Дидахметтің туып-өскен ауылын, оқыған мектебін, тұрған үйін көргісі келеді. Өкініштісі, Оралхан, Дидахметтер білім алған тарихи орданың орны да жоқ мына күнде. Тоқсаныншы жылдары талан-таражға түскен. Оралханның үйі ол, есігінде қара құлып тұр. Бәрін тізіп отырғаным, Қалихан Ысқақ шығармашылығының шеберханасындай болған өз үйін музейге айналдыруға болмай ма? Қолда бар рухани байлықты көрсете алмай отырмыз дегенім ғой...
– Ол үйді Қалихан өзі кейінгі жылдары қарағайдан салғызды. Марқұм Темірбек Исабаев көмектесті, ауласын «лесхоз» қоршап берді. Сонда Қалихан бір қуанған. Өзі жаздай Топқайыңда жүрді. Ауылға мамырда келіп, қаласына қарашада қайта-тұғын. Ақын-жазушылар да сонда жиі бас қосатын. Әкім Тарази, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсыновалар келіп, рухани демалып қайтатын. Бірде Қадыр Мырза Әлі үйін көріп, таңданып кеткен. Өздерің өте дұрыс айтып отырсыңдар. Мен де музей болса деп ойлаймын. Бірақ құжаттары балаларының қолында. Қазір ол үйге бас-көз болатындай менде шама жоқ. Әкімдіктен бір-неше рет келіп, өз қарамағымызға алайық деген. Мектепте аздаған дүниелері, кітаптары бар еді, бірақ онда музей ұстауға болмайды деген талап бар көрінеді. Ал үйі мұражайға әбден лайық. Ішінде өзінің қаламсаптары, кітаптары бәз-баяғы қалпында тұр. Қалихан негізі бұл үй музей болады деп салған. Тарлық етсе, қасындағы бір үйді қосып салу керек деп жүретін.
– Ендеше, музей ашу Қалағамыздың аманаты екен ғой.
– Өмірден өткеніне көп уақыт өте қойған жоқ, бірақ аты да өшіп барады. Қалихан менің ғана ағам емес, есімі қазаққа ортақ десем, артық айтпағаным шығар. Ескеріп жүрген сендерге рахмет.
– Үстеліңіздің үстінде жатқан ескі альбомдарды байқап отырмын, өзіңіз ұстаздық ете жүріп фото түсірумен де айналысыпсыз ғой...
– Иә, фотоаппаратым болған. Ол заманда ауылда ешкім фото түсіре бермейтін. Енді осы ескі альбомдарды парақтап отырсам, «фотограф уақытты тоқтататын құдірет иесі» деген сөз бекер айтылмапты деймін. Қара, мына балалар менің өкшемді басып қалды, (альбомдағы фотоларды нұсқап...) кейбіреуі бұл өмірден өтіп те кетті. Естелік болып бейнелері қалды. Неге екенін білмеймін, сол бір тұста жұрт қайтыс болған туыстарын суретке түсіріп беруімді өтінетін. Көңілдеріне қарап, алғашында түсірдім де. Кейін өзімді жайсыз сезіндім, ұнамады. Сол себепті фотоға түсіруді мүлдем қойып кеттім.
– Құдай денсаулық берсін өзіңізге! Өткеннен тартып естелік айтқаныңызға рахмет!
P.S. Елдегі жағдайға байланысты да шығар, жазушының 85 жылдық мерейтойы ел күткендей аталмады. Бірақ туған ауылында, ауданда шағын іс-шаралар өтті. Өскемендегі облыстық жасөспірімдер және балалар кітапханасында жазушыны еске алу мақсатында «Беу, асқақ дүние» атты танымдық кездесу ұйымдастырылып, «Қараша қаздар қайтқанда» пьесасынан үзінді көрсетілді. Туған-туыстары, ауылдастары бас қосып, естеліктерімен бөліскен. Өткен жылы Өскеменде Қалихан Ысқақтың атына көше де берілді. Ел аман, жұрт тыныш болса, тоқсан жылдығын дүркіретіп, дүбірлетіп тойлайтын шығармыз.
Әңгімелескен
Мерей Қайнарұлы,
«Egemen Qazaqstan»
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар