Еліміздің 2025 жылға дейін стратегиялық даму жоспарында денсаулық сақтау саласы бойынша көпбейінді ауруханалар құру жобасы қарастырылған. Бұл мақсат Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктер арасындағы келісімдер арқылы жүзеге асырылмақ. Көпбейінді ауруханалар ашу үшін алдын ала дайындық та жүргізілуде.

Осы жоба аясында Павлодар облысында да көпбейінді медициналық кешені салынуы мүмкін. Бұл жайында өңірге келген сапарында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан-ды. «Жаңа көп салалы кешен облыс үшін маңызды нысан болады. Жобада кешеннің заманауи сәулеттік келбеті және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі қарастырылған. Тиімділігі мен қажеттілігіне келсек, өңір тұрғындары осы кешен негізінде медициналық көмек ала алады», деген болатын министр. Әрине көп салалы медициналық кешен заман талабына сай қажеттілік болар. Монопрофильді шағын ауруханалардан көпбейінді ауруханаларға ауысу әлемдік тәжірибе екені белгілі.
Облыс орталығында түрлі медициналық орталықтар жеткілікті. Мысалы, Кеңес өкіметі кезінде салынған №1 қалалық аурухана мен емхана кешені, облыстық аурухана мен емхана кешені әлі де еңселі, сапалы құрылыс ретінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Сондықтан қолда бар дүниені сақтап қалған дұрыс. Облыстық аурухана жанынан инфекциялық бөлім ретінде қосымша ғимарат та салынуда. Ал соңғы жылдары салынған №4 емхана, Павлодар аудандық емханасы, Ақсу қаласындағы жаңа емхана – министр айтқандай, заманауи сәулеттік келбеті жарасқан және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген нысандар. Былтыр Үкіметтің қыруар қаражатына облыстық онкологиялық орталық, облыстық, республикалық бюджеттен 7,3 млрд теңгеге қаржыландырылған инфекциялық модульды госпиталь пайдалануға берілді. Әлбетте Павлодарда жергілікті халық саны аз болғандықтан аталған нысандардың өзі тұрғындардың сұранысын өтей алады.
Жергілікті денсаулық сақтау саласына қарайтын қалалық және облыстық деңгейдегі тірек ауруханалар бар. Мысалы, облыс орталығында №1 қалалық аурухана өзгелерге тірек болса, ал облыстық аурухана аудандық ауруханаларға тірек бола алады. Мәселе үнемділік пен тиімділікте. Қолда бар дүниенің қадірін білу өте маңызды.
Қыруар қаражатқа жаңа медициналық кешен салудың орнына өңірде сусыз, жолсыз отырған Баянауыл, Аққулы аудандарының инфрақұрылымын оңалту пайдалы болар еді немесе қыстың суығында тасымалмен оқитын ауыл оқушыларына шағын мектеп-интернат кешенін салу тиімді. Аққулы ауданына кіреберісте жаңа ғимарат бос тұр, ал ауданның ауруханасы болса ескірді.
Ал заманауи талаптарға сай медициналық кешен пайдалануға берілгенде медициналық құрал-жабдықтары, инфрақұрылым жүйелері ескірген ауруханалар мен емханалар көшіріледі. Сонда жоғарыда аталған ауруханалар, емханалар қаңырап қалмай ма? Мысалы, Атыраудың әр жерінде орналасқан ескі ауруханаларды біріктіру бастамасы не болды? Қазір министрлік Атырау облысында салынатын көпбейінді аурухана салудан бас тартуға шешім қабылдады. Тіпті қаражатты үнемдеу үшін құрылысты тоқтатты.
Жалпы, Үкіметтің «Медициналық ұйымдардың номенклатурасын бекіту» туралы 2009 жылы №787 қаулысы қабылданғаны, қаулыға сәйкес негізгі медициналық мекемелер желісін бірыңғай нормативке келтіруге байланысты бірыңғай желі болуы тиіс екені белгілі. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылы «Денсаулық сақтау желілері мемлекеттік нормативтерін бекіту» туралы бұйрығы да шыққан. Министрлік арада он жылдан аса уақыт өткенде ғана өңірлерде көпбейінді ауруханалар құру жобасын қолға алды.
Былтыр 1 қаңтардан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Павлодар облыстық филиалы барлық медициналық ұйыммен шарт жасасты. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі жалпы еліміз бойынша өткен жылдың 1 шілдесіне дейін біріктіруді өткізбеуді ұсынған-ды. Бірақ медициналық ұйымдар арасындағы қашықтық аралығы анықталып, дәрігер мамандардың жеткіліктілігі, аурухана ғимараттарының жағдайы, жалпы, инфрақұрылым жүйелерінің сапасы толық тексерілетінін ескертті.
Осы қашықтық, жақындық деген мәселеге келсек, облыста медициналық мекемелерді оңтайландыруда біраз даудың болғаны бар. Облыс орталығында, Екібастұзда бір-бірінен алыс орналасқан ауруханаларға «оңтайландыру жасаймыз» деп керісінше медициналық қызметтерді қиындатып жіберген еді. Яғни асығыс шешім нәтижесінде ауруханалар бір қосылып, бір ажырады. Медициналық ұйымдар арасындағы қашықтық анықталған соң қосылу керектігі ескерілмеді. Тіпті облыстық кардиология орталығының дәрігерлері басқа ауруханамен біріккен жағдайда қызметтен кетеміз деген болатын. Дәрігерлер наразылығынан соң өңірге келген сол кездегі Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева кардиоорталықты №3 қалалық ауруханамен емес, №1 қалалық ауруханамен біріктіру қажет деп қайтадан өзгеріс енгізді.
Расында, кардиоорталық ғимаратының аумағы өте үлкен. Жобалау кезінде сарай салып жатқандай асыра өлшеп жіберген секілді. Бұл – шығын. Алып ғимарат Кардиология орталығының емделушілеріне ғана емес, басқа да қан тамырлары ауруларын емдеуге қажет. Жергілікті тұрғындарға қолжетімді болу үшін кардиоорталықтың әлеуетін барынша пайдалану керектігі түсінікті. Көпбейінді аурухана дегеніміз – осы. Дайын тұрған жаңа ғимарат бос тұрмасын, есігін аш та пайдалан. Екіншіден, маман тапшы. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов көпбейінді аурухана пайдалануға берілген кезде дәрігерлер тапшылығы болмас үшін өңірде медицина кадрларын даярлау мен қайта оқыту туралы ұсыныс жасады. Үшіншіден, министрлік назар аударған «ескірген аурухана ғимараттарының жағдайы, жалпы, инфрақұрылым жүйелерінің сапасы толық тексерілетіні», әрине қуанышты жағдай. Аудан орталықтарында аурухана ғимараттары ескірді. Монопрофильді шағын ауруханаларды біріктірудің нақты мысалы осы. Өңірде жаңа ауруханалар Май, Железин аудандарында бой көтерді, Баянауылда туберкулезден емдейтін алып кешен салынды. Қыруар қаражатқа салынған бұл ауруханалардың бірінші қабаттары болмаса, қалғаны негізінен бос. Май аудандық ауруханасының қалған бөлігі облыстық мүгедектер орталығына берілді. Баянауылдағы үлкен медициналық кешеннің қандай күйде тұрғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы анықтайтын болар. Облыс, аудан орталықтарындағы басты мәселе, инфрақұрылым жүйесінің тозуында болып тұр. Ауылдарды оңтайландыру барысында ауылдық жерлерде біраз медициналық пункттер жабылып қалды. Мысалы, Ақсу қаласына қарасты 8 ауылды біріктіру арқылы Алғабас ауылдық аумағы, 6 ауылды қосу арқылы Сарышығанақ ауылдық аумағы құрылды. Қашықтық мәселесі осыдан шығады. Сондықтан түрлі медициналық мекемелерді біріктірудің қандай тиімділігі бар? Бұл сауалға байланысты А.Цой ауруханалар мен емханаларды оңтайландыру тәсілдерінің қайта қаралатынын жеткізді.
– Әрине емханалар мен ауруханаларды біріктіру қажет. Бірақ бір немесе іргелес аумақта болса ғана, деп атап өтті министр. – Сондықтан көпбейінді медициналық кешендерді жаңа жобалар арқылы қайта құру қажет. Аудандық ауруханаларға неғұрлым кеңейтілген қызметтер берілмек. Ауруханаларды біріктіру емдеу бейіндері бір-біріне жақын, қосылу бағыты мен ерекшеліктері бірдей ауруханалар арасында ғана жүргізіледі.
Сондай-ақ А.Цой министрлік тарапынан медициналық пункті жабылып қалған ауылдарда дәрігерлік кәсіби тексерулерге назар аударылатынын, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорнында жасалған мобильді медициналық орталықтардың көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретінін айтып өтті. Яғни дәрігерлер скрининг, тексеру және кәсіби тексеру жүргізу үшін ауылға барады және барлық қажетті көмекті көрсете алады. Бұл медицинаның қазіргі тұжырымдамасына сәйкес келеді және алғашқы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын көрсетеді.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге берілген мобильді медициналық орталықтар қазіргі кезде Баянауыл, Железин, Ертіс, Павлодар және Шарбақты аудандарына жіберілген. Кешендердің негізінде науқастарды қабылдауға арналған салалық дәрігерлер құрамы да бекітілген. Ауыл тұрғындарының диагностикалық жағдайын жақсарту, ауыр науқастарды ертерек анықтап, оларды облыс орталығына мамандандырылған медициналық көмек алуға жіберу маңызды. Бірақ жолы жоқ ауылға жылжымалы кешенді автобустар қалай барады? Аудан орталығы болмаса, қазір ауылдарда адам саны аз, ал аудандағы медициналық мекемелер өз шығындарын толық жаба алмайды. Яғни жоспар түзер кезде алдымен еліміздің әр өңірінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін, ауыл мен қала халқының санын, ауа райын, жол инфрақұрылымының күйін ескерген дұрыс болар еді.
Ал облыстық көпбейінді аурухананы басқару құрылымы қандай болады? Әуелі ел бойынша арнайы конкурс өтеді. Бірінші басшыға жоғары талаптар: менеджментті, экономика мен қаржылық басқаруды, іскерлік басқаруды, дау-дамайды басқаруды жақсы білуі, көшбасшылық қасиеттері, корпоративтік рухқа адалдығы, бірбеткейлігі болуы керек. Яғни қызметкерлерді оқытуды, ұжымды біріктіруді, жаңа технологияларды енгізуді ойлайтын жаңашыл адам қажет.
– Жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы халыққа бір жерден медициналық көмек көрсетуге, жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін мақсатты түрде кеңейтуге мүмкіндік береді. Ауруханалар мемлекет-жекеменшік әріптестігі және басқа да ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде салынады деп жоспарлануда. Науқастарды қарау мен емдеудің заманауи технологияларын енгізуге кететін шығындарды азайтады. Сонымен бірге ауруханаларды біріктіре отырып, бір тамақтану блогын, бір зертхана, бір кір жуатын бөлме, бір әкімшілік корпус құрылады. Бұл үлкен үнемділік, – дейді облыстық басқарма өкілдері.
Әрине ауруханалардың жұмысын бірден өзгерту мүмкін емес. Тіпті медициналық құрал-жабдықтарды бір ауруханадан екіншісіне жеткізу де оңай емес. Бір-біріне ауысқаны, жеткізілгені жайлы арнайы құжаттардың жасалуына да уақыт қажет. Ауруханалары ресми түрде біріктірілгенімен, мамандардың барлығы әртүрлі ауруханаларда, қаланың әр жерінде қызмет ететінін де ұмытпау керек.
Көпбейінді медициналық кешендер басқа елдерде де қызмет көрсетеді. Бірақ мұндай кешендер қуатты материалдық-техникалық негізі бар типтік ғимараттарда ашылғаны жөн. Ал облыс орталығындағы кешен қай жерде салынатыны әлі белгісіз. Қала шетіне салынса оған қатынау солтүстіктің суығында науқастар мен олардың туыстары, дәрігерлер үшін қиын болары сөзсіз. Сондықтан көпбейінді аурухананы салмас бұрын қаржыны барынша үнемдеп, ауа райын, жер мен ел жағдайын ескеріп, зерделеп барып шешім қабылдаған дұрыс болар дейміз.
Ал облыс орталығында жаңа көпбейінді аурухана жобасын жүзеге асыруға 60 млрд теңгеге жуық қаржы қажет екен. Сонда қалай үнем жасайтынымыз түсініксіз-ақ.
Павлодар облысы
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Бүгін, 21:50
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Бүгін, 21:10
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Бүгін, 20:55
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 5 ақпанда Алматыда өтеді
Әлем • Бүгін, 20:31
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Бүгін, 20:00
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Бүгін, 19:31
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 18:57
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Бүгін, 18:36
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Бүгін, 18:31
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Бүгін, 18:23
Сарапшылар Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 2,7% өсетінін болжайды
Қаржы • Бүгін, 18:22
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:15
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Бүгін, 18:14
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Бүгін, 18:12
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалар қатаң сақталуда
Білім • Бүгін, 18:06
Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті
Елорда • Бүгін, 18:00
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Бүгін, 17:53
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Бүгін, 17:50
Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен әйелді аман-есен тапты
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Маңғыстауда өткен жылы 18 кәсіпорын индустриялық сертификатқа ие болды
Аймақтар • Бүгін, 17:33
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Бүгін, 17:30
Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нью-Йоркте Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шарты талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 16:57
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:52
«Қостанайда жарылыс болады» деген ақпаратты полиция тексеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 16:49
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Бүгін, 16:48
Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:39
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 16:33
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Бүгін, 16:32
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:15
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Бүгін, 16:05
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,1 трлн теңгеге артты
Қоғам • Бүгін, 15:57
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Бүгін, 15:36
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды
Қоғам • Бүгін, 15:30
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Бүгін, 15:23
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Бүгін, 15:18
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңнамалық түзетулер мақұлданды
Парламент • Бүгін, 15:13
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:58
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Бүгін, 14:57
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматыда тұтынушылар мүддесін қорғау үшін 5 мыңдай сертификат қайтып алынды
Аймақтар • Бүгін, 14:31
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
Ұқсас жаңалықтар