Сайлау • 07 Қаңтар, 2021

Кооперативтердің көкжиегі кеңеймей тұр

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев бастаған үгіт-насихат тобы Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Азат Ет» кооперативінде болып, оның қатысушыларымен кездесті. Аталған іс-шара «Ауылдан ауылға» акциясының аясында өтіп, Қазақстандағы кооперативтік қозғалысты қолдауға бағытталды.

Кооперативтердің көкжиегі кеңеймей тұр

«Азат Ет» – Қазақстандағы мал шаруашылығы саласын­дағы жұмыстың тұрақтылы­ғын көрсететін және бірлес­кен қызметтің барлық дәстүрін сақ­таған алғашқы әрі әзірше жал­ғыз кооператив. «Ауыл» пар­тиясының деректері бойынша кейінгі 10 жылда елімізде шамамен 2700 кооператив құрылыпты. Алайда олардың тек 0,1%-ы ғана жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, тұрақты жұмыс істей алды.

Осы партияның мүшесі, «Іскер демеу» қоғамдық қорының басшысы Анас Баққожаевтың айтуынша, кооперативтерді құру кезінде алғашқы қаржылық көмек мемлекет тарапынан болуы тиіс. Себебі жеке қосал­қы шаруашылықтарды (ЖҚШ) тек идея төңірегінде бірік­­тіру мүмкін емес. Соны ес­кере отырып, 2019 жылы «Са­мұрық-Қазына» холдингінің қар­­жы­­лай қолдауымен Ақмола об­лы­сының Ақкөл ауданында «Азат Ет» кооперативі құрылды. Қазіргі уақытта кооперативтің бордақылау алаңында 140-тан астам жеке қосалқы шаруа­шы­лық­тан алынған 400-ге жуық ірі қара мал бар.

Партия жетекшісі Ә.Бектаев­тың айтуынша, кооперативті ауыл­ша­руашылық техникасымен жаб­дықтау жеке қосалқы ша­­руа­­шы­лықтардың жем-шөпке деген сұ­ра­ныстарын қамта­ма­сыз ету­ге мүмкіндік берді. Мал­ды бір­лесіп ұстау және бор­да­қы­лау­ды ұйымдастыру мал өсі­ру­дің тиім­ділігін іс жүзі­нде дә­лел­деуге мүм­кіндік туғыз­ды. Жоба ауылдық аумақ­­тар­­дың эко­ло­гия­лық жағ­да­­йын жақ­сарту­ға да оң әсерін тигі­зеді. Жеке қосал­қы шаруа­шылық­тар­дың ма­лын жайлауға көшіру есебінен ауыл­дық елді мекендердің жайылымдары тозудан қорғалуда.