Ж.Бекшин атап өткендей, Алматы қаласы «сары» аймақта тұр. Мегаполисте індеттің екінші толқынының өршуі қазан айында басталды, 3 айда КВИ жағдайларын тіркеу 14 есе өсті. Қаңтар айының 7 күнінде КВИ-дің 700-ден астам жағдайы тіркелді, қаңтар айына болжам қолайсыз және 4500-ге дейін жағдайды құрайды.
Соңғы 14 күнде 20-39 жастағы азаматтар арасында сырқаттанушылық 35% -ды, 40-59 жас аралығында 33%-ды құрайды, бұл шектеу шараларын бұзу, корпоративтік кештерді өткіз, сауда-саттық орындарына барудан туындап отырған жағдай.
«Ауру жұқтыруды төмендету үшін әлі де адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Сонымен қатар, вирустың таралуын тоқтату үшін ашық ауада маска тағу, арақашықтықты қатаң сақтаңыздар. Коронавирустық инфекциямен ауырған науқастармен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігердің үйіне шақыртуды, зейнеткерлерге аса қажеттіліксіз тұрғын үйлерден шықпауды ұсынамыз», деді Ж.Бекшин алматылықтарға.