Оңтүстік Қазақстан • 07 Қаңтар, 2021

Түркістанда карантин режімін бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы аптасында карантин режімін бұзушыларға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды,  деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда карантин режімін бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынды

COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1-7 қаңтар аралығында 104 мобильді топ шектеу шаралары кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге мониторинг жүргізді.

Мобильді топтармен бір апта ішінде 612 нысан тексеріліп, 83 айыппұл салынды. Оның ішінде 82-сі жеке тұлғаларға, жалпы соммасы 3 587 910 теңге көлемінде және 1 жеке кәсіпкерге 335 455 теңге көлемінде айыппұл салынып, хаттамалар толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3 923 365 теңгені құрады.

Бұзушылықтардың басым бөлігі жеке тұлғалардың бетперде режимін сақтамауына байланысты болады. Бизнес иесіне келетін болсақ, оған тиесілі қоғамдық тамақтану орнында келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақталмауы анықталды.