Саясат • 08 Қаңтар, 2021

Мемлекеттік қолдауда тұрақтылық керек

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық пар­тия­сының үгіт-насихат тобы «Азия Тарангул» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Еңбек ұжымымен кездесу «Ауылдан ауылға» акциясы аясында өтіп, оған «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының басшысы Темірғали Әбілмәжінов қатысты.

Мемлекеттік қолдауда тұрақтылық керек

«Азия Тарангул» – мал шаруа­шы­лығымен және дәнді дақылдарды өсіру­мен айналысатын өңірдегі жетек­ші шаруашылық. Кәсіпорын жергі­лікті халықты жұмыс орындарымен қамта­масыз етеді. Сондай-ақ отандық ауыл ша­руа­шылығы өнімдерін экспорттауға және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Шаруашылық басшысының айтуын­ша, «Ауыл» партиясының азық-түлік қауіп­сіздігі туралы заңды қабылдау жөніндегі бастамасы өте уақтылы. Себебі кейінгі жылдары агроөнеркәсіп ке­шені субъектілерін мемлекеттік қолдау жүйе­сінде «тұрақтылық» ұғымы жоғалып бара жатыр. Жаңа басшылардың келуімен суб­сидиялау ережелері және оларды алу шарт­тары өзгереді. Мұның бәрі ұзақ мерзімді кезеңге өндірістік қызметті стра­тегиялық жоспарлауға теріс әсер етеді.

Өңірлік филиал төрағасы Т.Әбіл­мә­жі­новтің пікірінше, бұл мәселе барлық деңгейде орын алуда. Арнайы заңда пар­тия барлық тікелей және жанама ша­раларды қарастыруды жоспарлап отыр. Осылайша, мемлекеттік уәкілетті ор­гандар ереже мен шарттарды емес, субси­диялау нормативтерін ғана түзететін бо­лады. Бұдан басқа, азық-түлік қауіпсіз­дігі туралы заңның қабылдануы саланы мем­лекеттік реттеу шараларын тұрақтан­дыруға мүмкіндік береді.

Кездесуде сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен деңгейі және жанар-жағармай материалдарының қолжетімділігі мәсе­лелері айтылды.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісіне және облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында шаруа қожа­лығы ұжымдарымен және іскер әйел­дер­мен, көпбалалы аналармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағ­дар­ламасын таныстырды.

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Набережное ауылында Парламент Мә­жілісінің депутаттығына кандидат Н.Ар­сютин және Павлодар облыстық мәсли­хаты депутаттығына кандидаттар Б.Аман­жолов, Е.Тоқтушаков, «Ауыл» пар­ти­я­сының сенімді өкілдері Е.Байгурманов, А.Батыршаев, М.Жексенби «Андас» ша­руа қожалығының ұжымымен кездесу өткізді.

Түркістан қаласында Парламент Мә­жі­лісінің депутаттығына кандидаттар Қ.Арал­­бекова, Р.Тоқсейітова, Б.Төлеген Түр­кіс­­тан қалалық мәслихатына кандидат Қ.Бәй­мен, Қазығұрт аудандық мәс­ли­ха­тына кандидат С.Стыбаева іскер әйел­дермен және көпбалалы аналармен кез­­десіп, партияның сайлауалды бағдар­ла­масын таныстырды. Сондай-ақ көп­ба­лалы аналардың мәселелеріне құлақ түрді.

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Прапорщиково кентінде «Ауыл» партиясының атынан облыстық және аудандық мәслихаттарға кандидаттар М.Фараджев «Мурзыканова» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.