Үкімет • 10 Қаңтар, 2021

Үкімет басшысы Парламент сайлауында дауыс берді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет басшысы Парламент сайлауында дауыс берді

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.

Премьер-Министр сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді.

1

Айта кетейік, сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Учаскеде санитарлық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық бетперде, қолғаптың болуын қадағалап тұрады. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуы да сәт сайын ескертіліп жатыр.