Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

ТМД миссиясы: Алматыдағы сайлаудың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде

15 рет көрсетілді

ТМД Миссиясының халықаралық бақылаушысы Валентин Колясев Алматыдағы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

В.Колясевтің айтуынша, ТМД Миссиясынан Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға қатысу үшін 234 адам аккредиттелген. Оның 4-еуі Алматыда жұмыс істеп жатыр.

«Біз таңертең 10-ға жуық учаскеге бардық. 4 учаскенің ашылуында болдық. Сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылықты байқамадық. Тек кітапхана маңында жастардың жиналғаны болмаса, іс жүзінде дауыс беруге кедергі келтіретін бұзушылықтар байқалмады. Жастардың не үшін топтасқаны белгісіз. Бірақ бұл топ полицияның арқасында тез тарады», деді халықаралық бақылаушы.

В.Колясев атап өткендей, үй-жайлардың ішіндегі сайлау процесін ұйымдастыруға келетін болсақ, барлығы жоғары деңгейде өтуде.

«Бізді қорғаныс костюмдері мен маскалары бар адамдар қарсы алды, маска киіп, температураны өлшеді. Залда бақылаушылар үшін 10 орын болды. Жұмыстың басында да, процесте де барлығы жазатайым оқиғасыз, ҚР заңнамасының нормалары бойынша орындалды. Сайлаушылар өздерін абыроймен, сабырлы, лайықты ұстады. Сыртқы жағынан комиссияға да, сайлаушыларға да қысым болған жоқ. Менің ойымша, бұл тұрғыда бәрі ойдағыдай болды», деп атап өтті В.Колясев.

Бақылаушы санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударды.

«Барлық санитарлық нормалар сақталды. Бақылаушылар бір-бірінен 2 метр қашықта отырды. Барлығы бетперде, санитайзер, арнайы халаттар мен каска киді. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзбайтындай етіп жасалған», деді В.Колясев

Соңғы жаңалықтар

Шөл далада қар жауды

Әлем • Бүгін, 11:32

Ұқсас жаңалықтар