Елімізді үлкен өзгерістерге бастайтын, жаңғыртатын Парламент жасақталады деп сенемін. Үгіт-насихат жұмыстары елімізде, соның ішінде Алматы қаласында жақсы жүргізілді. Барлық партияларға тең мүмкіндік жасалды. Бұқаралық ақпарат құралдары болсын, әлеуметтік желілер болсын, халық әр партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты.
Сонымен қатар сайлаушылар да дер кезінде ақпараттандырылып отырды. Сайлаушыларға дауыс беретін сайлау учаскелері туралы дер кезінде айтылды. Осындай жұмысты ұйымдастырған Алматы әкімдігінің жұмысына жоғары баға беруге болады.