Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Дауыс берушілердің қауіпсіздігіне баса мән берілді – Халықаралық байқаушылар

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірге ТМД миссиясымен Ресей Федерациясының Астрахань облысынан бес, сондай-ақ, Еуропадан екі байқаушы келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дауыс берушілердің қауіпсіздігіне баса мән берілді – Халықаралық байқаушылар

Байқаушылар халықаралық аккредитациядан өтіп, ПТР-тест тапсырыпты. Олардың пікірінше, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр.

«Ең алдымен, бүгінгі сайлауда дауыс берушілердің қауіпсіздігіне баса мән берілді. Барлық учаске санитарлық құралдармен, оның ішінде қорғаныш экрандары, санитарлық кілемшелер, қол санитайзерлері, медициналық маскалармен жабдықталды. Заң бұзушылық байқалған жоқ», дейді ТМД миссиясымен келген халықаралық байқаушы Владимир Золотокопов.

ТМД миссиясының тағы өкілі, байқаушы Сергей Вороновтың пікірінше, сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық адам құқықтарын қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес өтті.

«Қазақсатнда халықаралық байқаушылардың кедергісіз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды. Сайлау учаскелеріне келген дауыс берушілер белсенділік танытты. Бұл сайлау  Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік рухани дамуының жаңа белесі боларына сенемін», дейді байқаушы  Сергей Воронов.

Халықаралық байқаушылар Атырау қаласындағы, сондай-ақ, аудан мен ауылдардағы сайлау учаскелерін аралап шықты. Олар сайлау учаскелеріндегі санитарлық қауіпсіздік шараларын, сайлау процесін бақылады.