Брифингті «Сайлаудағы әділ және адал бақылау туралы» хартиясының бастамашысы Айгүл Соловьева бастап, сайлауға қатысқандардың және олардың лайықты өркениетті деңгейде өтуі үшін еңбек еткендердің барлығына алғысын білдірді.
«Хартияның бастамашысы ретінде өз атымнан негізінен бүкіл процестің мониторингі қазіргі заманғы халықаралық стандарттар негізінде жүргізілді деп айта аламын. Байқау үш кезеңмен өтеді. Біріншісі – бұл учаскелерді дайындаудың сайлауға дейінгі мониторингі. Халықаралық мамандар атап өткендей, бәрі жақсы деңгейде болғаныны бізді қуантты. Учаскелер дер кезінде дайын болып, барлық учаскелерде мобильді медициналық кабинеттер ұйымдастырылды және басты шарт орындалды – сайлаушылардың барлық санаттары үшін тең қолжетімділік қамтамасыз етілді. Екінші – сайлау күні, мұнда процесс өрескел оқиғаларсыз өтті. Бірақ біз барлық фактілер мен алынған деректерді талдағаннан кейін қорытынды шығарамыз. Партиялар мен БАҚ тарапынан барлығы өте өркениетті болды деп айтуға болады. Қазір біз келіп түскен барлық деректерді талдау және халықаралық ұйымдар үшін есеп дайындау деген үшінші кезеңдеміз», – деді А.Соловьева.
А.Соловьеваның пікіріне қарағанда, халықаралық құқық призмасы арқылы – бәрі барлық ережелер мен нормаларға сәйкес өтті.
«Алдағы уақытта біз әлі де зерттейтін боламыз... және шамамен екі ай ішінде біз сайлауды бақылау туралы қорытынды есеп дайындаймыз және біздің азаматтық қоғам өз елінде болып жатқан жағдайға баға бере алатындығын дәлелдей аламыз деп үміттенемін. Сайлау процесінің өзі біздің қоғамның азаматтық жетілгенін көрсетті», – дейді А.Соловьева.
Брифингті Рафаэль Гасанов жалғастырып, барлығын сайлаудың аяқталуымен құттықтап, осы уақыт ішінде шұғыл режимде жұмыс істеген, қауырт режимде қоғам өкілдеріне мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Рафаэль Гасанов «Жастарға жол» қоғамдық қорының штабы атқарған жұмыстарға баға бере келе: «Таңғы сағат 10-да біздің сарапшылар штабтың жедел желісіне түскен барлық деректерді және тәуелсіз бақылаушылардың хаттамаларын зерттеді. Қазір жалпы сайлау сәтті өтті деп айтуға болады, біздің бақылаушылар сайлау процесінің өрескел бұзылуын немесе сайлаушылардың азаматтық құқықтарының бұзылуын кездестірмеді», – дейді.
Сонымен қатар, Р.Гасановтың айтуынша, ерекше назар аударуға лайықты сәттер болды. Келеңсіз жағдайлардың барлық фактілері мен жағдайлары тіркелген, олар жіктеліп, қорытынды есепке енгізілетін болады.
«Біз әлеуметтік желілер мониторингінен келіп түскен, «арандатушылық» сипаттағы ақпаратты ескермедік. Кеше біз осы фактілерді растау немесе жоққа шығару үшін ресми органдарға күні бойы сұрау салдық. Бұл сәттер де тіркеліп, фактілердің түпнұсқалығын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті қадағалау органдарына берілетін болады», – деді Р.Гасанов.
Оның айтуынша, бақылаушылар жұмысында да кемшіліктер болды.
«Қазір біз нұсқаулыққа, бақылаушыларды даярлау жөніндегі жұмысқа және т.б. кейбір тұстарды енгізу қажет екенін түсіндік. Біз өз қателіктерімізді мойындаймыз. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз және үлкен тәжірибе болды. Біз жас болғандықтан сынды қабылдаймыз, үйренеміз», – дейді Р.Гасанов.
АЛМАТЫ