Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жазасын өтеушілердің арасында бұрын мемлекеттік қызметте болған шенеуніктер де бар.
«Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза соттың үкімімен жергілікті атқару органдары бекітілген нысандарда жүзеге асырылады. Біздің мақсатымыз – сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту арқылы тәрбиелеп, қайтадан қылмысқа жол бермеу. Өйткені, қоғамдық жұмыстың тәрбиелік мәні тиімділігін дәлелдеді. Жазасын өтеуші азаматтар екінші рет шалыс баспауға тырысады» дейді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Ғабдуллин.
Департамент бастығының мәліметінше, жауапқа тартылғандар күніне 4-тен 8 сағатқа дейін жұмыс істейді. Оларға еңбекақы төленбейді. Жазаға тартылғандардың көпшілігі – есірткіні пайдаланғандар, мас күйінде көлік жүргізгендер, ұрлық жасағандар. Қазір пробация қызметінің есебінде 1200 сотталушы тұр.