Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 148 сиыр, 216 жылқы, 497 қой және 4 түйе ұрланған. Соның ішінде ауылдық жерлерде алыс жайылымдардағы қараусыз жүрген сиыр, жылқылардың көбірек ұрлануына көбінесе мал бағуға жауапты малшылардың өз жұмыстарына салғырт қарауы себепші. Соңғы жылдары мал ұрлығы да ұйымдасқан сипат ала бастады.

Бұрынғы уақытта ұрылар да алыстан келмейтін болса, соңғы жылдары қай жақтың ұрысы келіп, алып кеткенін жұрт біле алмай дал. Өйткені, бұл қылмысқа әбден машықтанған қаскүнемдер малды бірден сойып, етін сатып жіберетіндіктен, қылмысты дәлелдеу оңайға соқпайды. Осылайша қылмыстың бір шеті мал базарларындағы ет сатушыларға да келіп тіреледі. Мал ұрлығына қатысты заң талаптары қатаңдатылғанына қарамастан, қылмыс күз бен қыс кезінде тіпті күшейе түседі.
Полицейлер «қылмыспен күресудің ең тиімді тәсілі – оның алдын алу», дейді. Ауыл адамдары бейқам отырмай, мал бағу жұмыстарын өздері ұйымдастырып, ауыл әкімдері мен учаскелік полицейлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Өйткені, осы кезге дейін ұрланған малдың негізгі бөлігін жайылымда қараусыз жүрген жеке адамдардың малы құрайды. Соның ішінде күзгі уақытта күзетті күшейтіп, шаруашылықтар мал қораларына дабыл қондырғылары мен жарық орнатуы қылмыстың алдын алудың ең төте жолы.
Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, енді мал ұрлығы үшін ҚК 188-1 бабы бойынша, 3000 АЕК дейін (8 334 000 теңгеге дейін) айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жеке тұрғын үй-жай немесе шаруашылықтың, кәсіпорынның қорасынан мал ұрлағандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Сондай-ақ ұйымдасқан түрде қылмыс жасағандардың бірнеше малды ұрлағандары дәлелденсе, қолға түскендер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Тәртіп сақшылары мал бағу жұмысы жақсы ұйымдастырылып, жануарларға ен-таңба жапсырмалары салынып, GPS трекерлері пайдаланылған, қысқасы мал ұрлығын алдын алу шаралары қабылданған аудандарда жаз бен күзде қылмыс тіркелмегенін хабарлады. Ал алыс ауылдарда жайылымдағы мал бұрынғысынша қараусыз жүреді. Сондықтан полицейлер, әсіресе күз-қыс айларында тебіндегі жылқыларына абай болуға шақырады.
Ақтөбе облысы
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар