Пікір • 12 Қаңтар, 2021

Тәуелсіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік мол болды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауда халықаралық байқаушылардың тәуелсіз мониторинг жүргізуіне бар жағдай жасалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий айтты.

Тәуелсіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік мол болды

Брифингте сөз алған Д.Кобиц­кий Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне пар­ламенттік сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тобының мүше­ле­ріне тәуелсіз мониторинг жүр­гізуі үшін барлық жағдай жасал­ғанын жеткізді.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне осындай ауқымды да маңызды саяси науқан бары­сын байқауға шақырғанына ал­ғыс айтамын. Ал сайлауды ұйым­­­­дастырушылардың еңбегі өте жоғары. Учаскелік сайлау ко­мис­­сияларының, ең алдымен, эпи­­демияға қарсы қауіпсіздікті қам­­­тамасыз ету тұрғысынан да­­йын­­­дығының өте жоғары дең­­­гейде екенін айрықша атап өт­­кім келеді. Бұған көптеген қа­ра­­жат жұмсалды, физикалық жә­не адами ресурстар көп, бірақ ха­­лықтың қауіпсіздігі бәрінен қымбат», деді халықаралық бай­қаушы.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД ПА мониторингтік тобы­ның құ­рамында Әзербайжан, Ар­мения, Беларусь, Қырғыз, Мол­­дова, Ресей, Тәжікстан, Өз­бек­­стан пар­ламентарийлері, сон­­дай-ақ Халықаралық мони­то­­ринг инс­титутының сарапшы­лары кіретін ТМД ПА Кеңесі Хат­­шылығының өкілдері болды. Қысқа мерзімді монито­ринг шеңберінде топ мүше­лері Қа­зақ­станның әртүрлі аймақ­тар­ын­дағы жеке маршруттарда, сондай-ақ шетелдік сайлау учас­­келерінде жұмыс істеді.