«Хартияның бастамашысы ретінде бүкіл процестің мониторингі халықаралық стандарттар негізінде жүргізілді деп айта аламын. Байқау үш кезеңмен өтеді. Біріншісі – бұл учаскелерді дайындаудың сайлауға дейінгі мониторингі. Халықаралық мамандар атап өткендей, бәрі жақсы деңгейде болғаны бізді қуантты. Учаскелер дер кезінде дайын болып, барлық учаскелерде мобильді медициналық кабинеттер ұйымдастырылды, сайлаушылардың барлық санаты үшін тең қолжетімділік қамтамасыз етілді. Екінші – сайлау күні, мұнда процесс өрескел оқиғаларсыз өтті. Партиялар мен БАҚ тарапынан барлығы өте өркениетті болды деп айтуға болады», деді А.Соловьева.
Рафаэль Гасанов «Жастарға жол» қоғамдық қорының штабы атқарған жұмыстарға баға бере келе: «Таңғы сағат 10-да біздің сарапшылар штабтың жедел желісіне түскен барлық деректі және тәуелсіз байқаушылардың хаттамаларын зерттеді. Қазір жалпы сайлау сәтті өтті деп айтуға болады, біздің байқаушылар сайлау процесінің өрескел бұзылуын немесе сайлаушылардың азаматтық құқықтарының бұзылуын кездестірген жоқ», деді.
Р.Гасановтың айтуынша, ерекше назар аударуға лайықты сәттер болды. Келеңсіз жағдайлар фактілері мен жағдайлары тіркелген, олар жіктеліп, қорытынды есепке енгізілетін болады.
«Біз әлеуметтік желілер мониторингінен келіп түскен, «арандатушылық» сипаттағы ақпаратты ескермедік. Біз осы фактілерді растау немесе жоққа шығару үшін ресми органдарға сұрау салдық. Бұл сәттер де тіркеліп, фактілердің түпнұсқалығын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті қадағалау органдарына берілетін болады», деді Р.Гасанов.
АЛМАТЫ