Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Өскемендік жігіт неліктен өзенге секірді?

1579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше түнгі сағат 23.40-та Өскеменде «102» нөміріне ер адамның Понтон көпірінен секірмекші болып тұрғаны туралы қоңырау түскен. Шақырту түсе сала екі минуттың ішінде оқиға орнына полицияның «Қыран-19» құрамы жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемендік жігіт неліктен өзенге секірді?

Полиция лейтенанты Меирхан Ракишев пен полиция кіші лейтенанты Бауыржан Ризабеков оқиға орнына келген бойда көпірден салақтап тұрған азаматты байқаған. Тәртіп сақшылары оны қолынан ұстап қалуға тырысқанымен, жігіт өзенге құлаған.

Жеті қараңғы түнде полицейлер әлгі жігіттің қай мөлшерде ағып жара жатқанына көз жеткізе алмаған. Тек өзен бойымен жүгіріп отырған. Сәл уақыттан соң өзеннің ортасынан "көмектесіңдер" деген дауыс талып шыққан. Мұны естіген полицейдің бірі суға түсіп барып, арқанға байланған құтқару шеңберін лақтырған.

Аброй болғанда, өмірмен қош айтысуға бел буған жігіт шеңберді ұстап үлгереді.

Сақшылар жағалауға шығара салысымен жедел жәрдем көлігіне тапсырған.

Анықталғандай, 26 жастағы ер адам мас болған. Ал неге өлмек болғанын түсіндіре алмады.

Айта кету керек, 2019 жылы Өскеменнің патрульдік полицейлері кез келген қиын жағдайда көмек көрсету үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Барлық патрульді автокөліктер арнайы құралдармен яғни, құтқару кеудешелері, құтқару шеңберлері, тростар, гидравликалық қайшылар, өрт балталары, өрт сөндіргіштер, өртке қарсы төсемдермен жабдықталған.

– Полицейлер қызметтік автокөлігінде болған құтқару шеңберін қолданып, суға ағып бара жатқан адамды аман алып қал, – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы А.Мула.