Хоккей • 12 Қаңтар, 2021

«Ақ Барс» алдырмады

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Нұр-Сұлтанның «Барысы» Қазанның «Ақ Барс» клубын қабылдады. Бұл нағыз шиеленіске толы бәсеке болды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ақ Барс» алдырмады

Дәл қазіргі кезде жерлестерімізге қарағанда татарстандық команданың қарқыны әлдеқайда күшті. 44 кездесуден кейін 68 ұпай жиған олар Шығыс конференциясында көш бастап тұр. Ал кешегі күнге дейін 44 матч өткізіп, 41 ұпайды қоржынға салған «Барыс» сегізінші орынды қанағат тұтуда. Соған қарамастан біздің жігіттер әйгілі қарсыласымен біразға дейін тіресті. Алғашқы голды 14-минутта қонақтар салды. Есесіне Кирилл Панюков (16 және 22 минуттарда) қатарынан екі мәрте нысананы дәл көздеді. Сол сәтте жергілікті жанкүйерлердің кеудесінде үміт оты жылт етті. Бірақ көңіліміз көп ұзамай су сепкендей басылды. Айдын иелеріне қарағанда әлдеқайда ширақ қимылдаған «Ақ Барс» қалған уақытта қақпамызға тағы үш шайба тоғытты. Нәтижесінде «Барыс» 2:4 есебімен жеңіліс тапты.

«Барыс» енді өзінің келесі кездесуін 14-қаңтарда Нұр-Сұлтанда Уфаның «Салават Юлаевына» қарсы өткізеді.