Әлем • 13 Қаңтар, 2021

Малайзия саяси ахуалға байланысты төтенше жағдай жариялады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзия королі әл-Сұлтан Абдулла елде коронавирустық жағдайлардың күрт белең алғанынан кейін төтенше жағдайды бірнеше айға ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Малайзия саяси ахуалға байланысты төтенше жағдай жариялады

Төтенше жағдайдың жариялануы премьер-министр Мухиддин Ясиннің өтініші бойынша жүзеге асырылды. Сонымен қатар бұл Мұхиддин Ясиннің үкіметі әлсіреген уақытта парламенттің жұмысын тоқтатуға мүмкіндік беріп отыр.

Егер айтылған мәселелер тез арада бақылауға алынбаса, елдегі төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғасуы ықтимал.

Сарапшылардың айтуынша, елдегі шиеліністі жағдай оның қазіргі басқарып отырған үкіметіне айтарлықтай саяси басымдықтар береді.

Үкімет басшысы өткен жылдың наурыз айында билікке келген еді. Дегенмен, коалиция одақтастары оның үкіметін қолдауды тоқтатқандықтан, кезектен тыс сайлау жариялады.

Малайзия тарихында ең алғашқылардың бірі болып төтенше жағдайды 50 жылдан кейін ғана король Сұлтан Абдулла Сұлтан Ахмад Шах мәлім етті. Жоғарыда аталған жағдай Малайзия парламентінің саяси өкілеттілігін тоқтатып, мемлекетке айтулы өзгерістер алып келеді.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ