Әлем • 13 Қаңтар, 2021

«Постковидтік синдром»: Әлем ғалымдары алаңдаулы

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем ғалымдары дабыл қағып отыр. Оған себеп коронавирустан жазылып кеткеннен кейін де көптеген науқастардың ауыр асқынулардан зардап шегуі. Бұл құбылыс «постковидтік синдром» деп аталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы BBC News басылымы ақпарат таратты.

«Постковидтік синдром»: Әлем ғалымдары алаңдаулы

Мамандардың айтуынша, психикалық бұзылулар, апатия және суицидтік ойлар - осындай асқынулардың нәтижесі. Коронавируспен ауырған адамдар айлар бойы өздерінің бұрынғы өміріне оралуға тырысады. Дегенмен көп жағдайда бұл ұмтылыс сәтті бола бермейді.

 Коронавирус психологиялық ақаулар тудыратыны туралы көптеген шетелдік ғалымдар да айтып келеді. Қараша айында Британдық Оксфорд университеті ғалымдарының Lancet журналында жарияланған мақаласы да бұған дәлел бола алады .Онда ғалымдар 69 миллион АҚШ тұрғынының медициналық картасын талдады. Олардың 62 мыңнан астамы коронавируспен ауырған.

Зерттеу көрсеткендей, американдықтардың бестен біріне коронавирустан кейін де үш ай ішінде психикалық бұзылыс диагнозы қойылған. Көбінесе бұл мазасыздық, депрессия және ұйқысыздық белгілері арқылы байқалады.

 

Рабиға Нұрғали