Әлем • 14 Қаңтар, 2021

Ұшақтың «қара жәшігі» табылды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 қаңтарда апатқа ұшыраған Sriwijaya Air компаниясына тиесілі Boeing 737-524 ұша­ғының қара жәшігі табылды.

Ұшақтың «қара жәшігі» табылды

Индонезия әскери теңіз флотының сүңгуір­лері Ява теңізі түбінен ұшақтың «қара жәшігін» тапты. Іздеу отрядының басшысы Хади Тьяджанто оны радиосигналдар арқылы тапқанын мәлімдеді. Енді жәшік Көлік қауіпсіз­дігі ұлт­тық комиссиясына тапсырылады. Олар әуе апатының себебін анықтауға бірнеше күн қажет екенін хабарлады.

Оған дейін Көлік қауіпсіздігі ұлттық комис­сиясының Авиация қауіпсіздігі комитеті оқи­ға орнында зерттеу жүргізген жұмыстар нәтиже­сін жариялады. Олардың ақпараты ұшақ суға құлағанда жарылды деген тұжырым айтады. «Өйткені әуеде жарылса ұшақ бөлшектері алыс аймақтарға құлар еді, ал іздеу тобы ұшақ бөлшектерін теңіз жағалауынан тапты», деді комитет басшысы Нуркахио Утомо.

 

Соңғы жаңалықтар