Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, биылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Шын мәнінде бұл – тарих үшін ұзақ уақыт емес, қамшының сабындай қысқа ғана мерзім. Соған қарамай, осы 30 жылда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н..Назарбаевтың сара басшылығымен елімізде ғасырға татитын ауқымды істер жүзеге асырылды.
Шекарамызды шегендеп, іргемізді қымтап, дүние жүзінің саяси картасынан ойып тұрып орын алдық. Бүкіл әлем Қазақстан деген жас мемлекетті танып, онымен санасатын болды. Қазіргі кезде 140-тан астам мемлекетпен дипломатиялық байланыстамыз.

Тәуелсіздік жылдары жаңа елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы салынды. Тарихи Түркістан қайта түледі. Ұлы далада жүздеген жаңа кәсіпорын ашылып, кен орындары игеріліп, экономикамыз дамудың жаңа арнасына түсті. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік салаларда да түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды. Білім беру, денсаулық сақтау салалары әлемдік үрдістерге қарай жедел дамып келеді.
Алайда кейбір ресейлік саясаткер-сымақтар «қазақта бұрын жер болмаған, жерді оған Ресей сыйға тартқан» деп біздің елдігімізге, мемлекеттігімізге басқалардың күмән-күдігін туғызып, жеріміздің тұтастығына қауіп төндіруде. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына қарай әдейі жасалып отырған арандатушылық екенін жер-жаһанның көзі ашық, көңілі сара адамдары түсініп отыр.
Міне, мерейтойлық жылдың басында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын салмақты да салиқалы мақала жариялап, халқымыздың санасындағы ауыр ойды серпілткендей болды. Ол бірінші кезекте «біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажет», деп ұлттық мүддені алдыңғы кезекке қоя отырып, қазақ жерінің тұтастығына көз алартушы арам пиғылды саясаткерлердің сөзіне тойтарыс беруге шақырады. «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ... Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн», деген Қ.Тоқаев осы арада қазақ тарихын қайта зерделеп, еліміздің академиялық жаңа тарихын жазуды дереу қолға алуды тарихшы ғалымдарымызға тапсырды. Сондай-ақ Президент шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынды. Шын мәнінде Ұлы далада қай заманда қандай мемлекет орнап, ол қанша аумақты билегенін, сол жерлерде нендей оқиғалар болғанын бұлтартпас дәлелдермен дәлелдеп берсек ешкімге есеміз кетпес еді. Президенттің, сондай-ақ Алтын Орда, Ұлық Ұлыс, біздің қазіргі төл тарихымыз екенін айта келіп, олар туралы фильмдер шығаруды назарға салуы өте орынды. Өйткені Ресейді 300 жыл билеген Алтын Орданың негізі бізде жатқанын бүгінгі және кейінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.
Мемлекет басшысының биыл 100 жыл толғалы отырған 1921 жылғы ашаршылық тарихын терең зерттеу, Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай желтоқсаншылардың ерлігін лайықты бағалау, ана тіліміздің абырой-беделін көтеру, талантты жастарды қолдау туралы ұсыныстарының бәрі тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің қамы.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының бұл мақаласы халқымыздың санасын оятып, ойына ой қосқан, рухын қайта жандандырып, жігерін жани түскен парасатты ой-толғамға толы өте құнды дүние болды. Оның үлкенге де, кішіге де берер тағылымы мол. Сондықтан біз, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, Президент мақаласын қызметкерлер мен студенттер арасында кеңінен насихаттау үшін іс-шаралар жоспарын жасап отырмыз. Бұл жөнінде ашық дәрістер, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізілетін болады. Тарихшы ғалымдарымыз Қазақстанның жаңа академиялық тарихын жазуға белсене атсалысуға құлшынып отыр.
Такир БАЛЫҚБАЕВ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры
Руханият • Бүгін, 08:07
Қытайдың Африкадағы «қаржы қармағы»
Саясат • Бүгін, 08:05
Вакцинаны бөлу мәселесі «бас қатырып» тұр
Әлем • Бүгін, 08:02
Шәкәрім өсиетіне арналған сабақ
Таным • Бүгін, 08:00
«Бестікке» енген өңірдегі бетбұрыс
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Қоғаммен байланыс қолдау тапты
Қоғам • Бүгін, 07:56
Медицина • Бүгін, 07:54
Оқиға • Бүгін, 07:54
Медицина • Бүгін, 07:52
Иммундау жұқтыру қаупін төмендетеді
Қоғам • Бүгін, 07:50
Тар жерде тығылысып... Той-томалақты үйде өткізуге көштік пе?
Қоғам • Бүгін, 07:46
Ғылыми-технологиялық дамуға инвестиция құяды
Оқиға • Бүгін, 07:45
Көне шаһар келбеті (Алматының біртұтас бейнесі қашан қалыптасады?)
Қоғам • Бүгін, 07:42
Қызылша мен қамыс – өңдегенге табыс
Экономика • Бүгін, 07:41
Мәскеу фестиваліне барғанда...
Таным • Бүгін, 07:40
Экономика • Бүгін, 07:37
Аймақтар • Бүгін, 07:35
«Даңқың қайда төске өрлеген?..»
Спорт • Бүгін, 07:32
Мақсат – пандемияны еңсеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру
Президент • Бүгін, 07:24
38 мың өтініштің 18 мыңы мақұлданды
Қоғам • Кеше
Жылжымалы зертханалар жолға шықты
Медицина • Кеше
Мәулен Әшімбаев: Вакцинация мәжбүрлі түрде жүргізілмейді
Парламент • Кеше
Қордайдағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысы қарқын алды
Аймақтар • Кеше
Елорда дәрігерлері қала тұрғындарына үндеу жасады
Елорда • Кеше
Алматы дәрігерлері індет ауамен тарайтынын тағы еске салды
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда тұрғын үйдегі жертөледен өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Әділет министрлігі Қазақстанға крематорий не үшін керек екенін айтты
Қазақстан • Кеше
Оралда 71 жастағы қария өзіне қол жұмсады
Қоғам • Кеше
Пандемия жағдайындағы Алматыда МСАК рөлі күшейтілді
Медицина • Кеше
Президент жылжымайтын мүлік құқықтарына қатысты заңға қол қойды
Президент • Кеше
Сенаторлар ЕАЭО Кеден кодексіндегі өзгерістерді талқылады
Қазақстан • Кеше
Кеген ауданында мал неге қырылды?
Аймақтар • Кеше
Депутаттар нотариус қызметін цифрландырудың мүмкіндіктерін талқылады
Қазақстан • Кеше
Қарағанды облысының тұрғындары оқ жарақатымен ауруханаға түсті
Аймақтар • Кеше
ИИДМ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою процестері көрсетілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бір аптада 73 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстан • Кеше
Заңсыз айналымнан 340 келіден астам есірткі алынды
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
Президент • Кеше
Шетелден келген 137 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ
Қазақстан • Кеше
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматы облысында оқушыны жүк көлігі қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Елорда дәрігерлері қала тұрғындарына үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте «Таза қала» іс-шарасы жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда есірткі сататын 247 сайт бұғатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Түркістаннан Ташкентке дейін теміржол салуды бастайды
Қазақстан • Кеше
Атырауда үш мас әйел төбелес шығарды
Аймақтар • Кеше
Тәжікстан коронавирус індетін жойды
Әлем • Кеше
«Қасым хан» сериалы: 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланған
Қазақстан • Кеше
Тұрғын үйлердің сапасына мониторинг жүргізілді
Аймақтар • Кеше
Тауарлы сүт фермасын салуға 40 млн доллар инвестиция тартылмақ
Аймақтар • Кеше
«OSS Kazakhstan» экспортты ұлғайтуды жоспарлап отыр
Экономика • Кеше
Павлодарда 12 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан құрамасы халықаралық білім олимпиадасынан алтын жүлде алды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар