Оқиға • 14 Қаңтар, 2021

«Қызылмен» қоштасатын кез келді...

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қа­з­іргі Қызылорда қаласының тарихи кезеңдерін еске алатын болсақ, 1925 жыл­дың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкіл­де­рінің басын қосқан Қырғыз АССР Кеңестерінің V съезі ашылған бо­­ла­тын.

«Қызылмен» қоштасатын кез келді...

Съездің негізгі күн тәртібінің бірі болып, «қырғыз» болып аталып келген халықтың тарихи дұрыс атын қайтару еді. Съезд «бұдан былайғы жерде «киргиз» деген атау «қазақ» деп аталсын» деген тарихи қаулы қабылдады. Осыған сай, съезд «Киргиз Республикасын» «Қазақ Республикасы» деп атауға, астанасы Ақмешітті Қызылорда деп алмастыруға шешім қабылдады. Сонымен, осы қаланың баламасы, жаңа түсінігі коммунистердің бас ғимаратында қызыл туы желбіреген Қызылқала болып шыға келді.

 Енді, қаланың елеулі даталарын еске түсірейік. Тарихи өтпелі уақыт­тар­дан бері  Қызылорда қаласының атауы бірнеше рет өзгерген. Мысалы, әуелде 1818 жылы Ақмешіт болып аталған, содан 1853 жылы – Перовск,  қайтадан  1922 жылы – Ақмешіт, ақыры 1925 жылы Қызылорда атауы бүгінге дейін сақталған. Қазақстан еге­мендік алған кезеңнен бастап, қо­ғамдық формация өзгеріп, Кеңес Одағы келмеске кеткеннен бірі коммунистік құндылықтар қатаң сынға ұшырап,  Сталин бастаған большевиктер кезеңіндегі солақай саясаттан қазақ халқы орасан зардап шеккені белгілі. Осыған қарамай, Тәуелсіздігімізді орнатқалы, көк туымызды желбіреткеннен бері 30 жылға жуық уақыт өтсе де, қала «қызылдар қаласы» атауынан арылмай келеді.

Қазақ халқы Ресей империясының Қазақстандағы орнықтырып кеткен белгісі Петропавлоск пен Павлодар қала­ларының атауын өзгертуге дәр­менсіз болып отыр. Осындай жағ­дайда, абыройлы істі әуелі өзімізден бас­таған жөн. Сондықтан Қызылорда қаласының қазіргі атауын, оның ежелгі тарихи атауы «Ақмешіт» неме­се қазаққа ықылым заманнан қасиет­ті құндылық Сырдария түсінігіне сай «Сыркент» атауына өзгерткен дұрыс. Осы ұсы­нысты Қызылорда облы­сы­ның қалың жұрты қолдайды деген ойдамын.

 

Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ,

заңгер-публицист

 

НҰР-СҰЛТАН