Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Түркістанда 5 жасар бала алаяққа алданды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бес жасар баланы алдап телефонын алып қойған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Түркістанда 5 жасар бала алаяққа алданды

Жәбірленушінің айтуынша, оның үйіне белгісіз ер адам келіп, 5 жасар немересін алдап, мың теңге беріп, баланың Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Облыс орталығының тұрғынына келтірілген шығын сомасы шамамен 150 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан қаласының полиция қызметкерлері күдіктіні бірнеше сағат ішінде құрықтап, қамауға алды.

Қызылорда облысының тұрғыны болып шыққан күдіктіні жедел түрде қалалық полиция басқармасына жеткізді. Нәтижесінде, заттай дәлел ретінде алынған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды. Кейінірек белгілі болғандай, күдіктіні көрші облыста 4 пәтерге жасаған ұрлығы үшін іздестірген.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ