Әлем • 14 Қаңтар, 2021

АҚШ соты соңғы 68 жылда алғаш рет әйел адамды өлім жазасына кесті

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лиза Монтгомери есімді АҚШ азаматшасы соңғы 68 жыл ішінде  өлім жазасына кесілген алғашқы әйел болды, деп хабарлайды Egemen.kz  Бұл туралы BBC News ақпарат таратты.

АҚШ соты соңғы 68 жылда алғаш рет әйел адамды өлім жазасына кесті

Лиза Монтгомериге 2007 жылы қатыгездікпен адам  өлтіргені үшін алғашқы иньекция жасалу керек еді. Ол кезде қылмыскер Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде жазасын өтеп жүрген. 

Аудандық  соттың Монтгомеридің ақыл-ойында кемшілік бар деген шешімін АҚШ-тың Жоғарғы Соты жоққа шығарды. Қорғаушылар оның туа біткен ми ақауы бар деп мәлімдеді. Ал қылмыскер әйел науқастанғаны соншалық, өзіне қатысты айыптаулар мен шыққан үкімді түсінуге де шамасы жетпепті. 

2007 жылдан бері Монтгомеридің жазалау үкімі  екі рет кейінге қалдырылған еді. Алғаш рет оған  8 желтоқсанда ажал инъекциясын жасауы керек болған.  Бірақ оның қорғаушылары  Covid-19 жұқтыруына байланысты, іс кейінге қалдырылды. 

Өлім жазасы 12 қаңтарға ауыстырылды, бірақ сот төрешісі  Джеймс Ханлон тағы да оны кейінге қалдырады. Ақыр соңында Жоғарғы Сот Монтгомериге сәрсенбі күні таңертең инъекция жасауға үкім шығарды.

20 қаңтардан бастап АҚШ билігіне келетін Джо Байден президент бола сала өлім жазасын алып тастауға бел буып отырған еді. Аса ауыр қылмыс жасаған әйелдің жазасы бұл күнге дейін белгілі болып қойды.

Рабиға НҰРҒАЛИ