Кино • 15 Қаңтар, 2021

Отандық фильмдер Түркия мен Қытайда көрсетіледі

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия («Duru Filmcilik») және Қытайдың («Magic Fair») дистрибьютерлік компаниялары сатып алды.

Отандық фильмдер Түркия мен Қытайда көрсетіледі

2017 жылы «Алмас қы­лыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Корея­лық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Бұл жобалар Мәдениет және спорт министрлігінің тапсы­ры­сымен, «Қазақ­фильм» киностудиясында Сentaurus Rus­tem Abdrashev production компа­ниясының қатысуымен тү­сірілген.

Көрнекті жазушы Ілияс Есен­берлиннің «Алмас қы­лыш» рома­ны­ның желісі бойынша түсі­рілген «Қазақ хандығы» жобасы XV ға­сыр­­дағы көшпелі қазақ тай­па­ларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.

Айта кетсек, Youtube же­­­лісіне жүктелген «Ал­мас қы­лыш» фильмі 7 мил­лионға жуық қаралым, сон­дай-ақ Ресей, Түркия, Америка сын­­­­ды басқа да ел­дердің кө­­­рер­мендері қалдырған 12 мың­нан ас­там пікір жинаған еді. Ал қазіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стри­минг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүр­гізіліп жатыр.