Кино • 15 Қаңтар, 2021

Танымал «Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің еврей қауымдастықтары федерациясы қоғамдық кеңесінің басшысы Борух Горин «Ералаш» әзіл-сықақ журналының көркемдік жетекшісі Борис Грачевскийдің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Танымал «Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды

«Ералаш» авторы желтоқсан айының соңында Мәскеудегі №52 ауруханаға COVID-19 диагнозымен ауыр халде жатқызылды. Кейінірек ол жансақтау бөліміне ауыстырылып, 72 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Борис Грачевский – әйгілі режиссер, қаламы қарымды сценарист, сондай-ақ «Ералаш» киножурналының көркемдік жетекшісі болған. Ол «Крыша» және «Между нотами или тантриальная симфония» фильмдерінің, сонымен қатар бірнеше деректі фильмнің авторы.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ