Тыңдау барысында прокуратураның 2020 жылдың шілдесінде ұсынылған аппеляциясы қаралды. Соған сәйкес Пак Кын Хеге 18 миллиард вон (13 миллион евро) дейін айыппұл салынды, бірақ одан бұрын тағылған айыптардың бір бөлігін алып тастады.
Бұған дейін экс-президент Біріккен болашақ партиясынан ("Сэнури") Мемлекет басшысы лауазымына үміткерлерді ұсыну процесіне заңсыз араласқаны үшін екі жыл түрмеде отыруға мәжбүр болған.
Экс-президентке 18 тармақ бойынша айып тағылды.
2017 жылдың наурызында Пак Кын Хе Конституциялық соттың шешімімен биліктен шеттетілді, мерзімінен бұрын президент қызметінен босатылып, содан кейін қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін апелляциялық сот түрме жазасын 30 жылға дейін ұзартқан еді. Кейінірек үкім бірнеше рет қайта қаралған болатын.
Кейінгі күндері Сеулдегі Жоғарғы Сот Пак Кын Хе ісіне нүкте қойды. Қолындағы билігін асыра пайдаланып, мемлекетке барынша зиян келтірген президент 22 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аида ОРАЛБЕК