Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021

Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды

13 рет көрсетілді

Қазақстанның 6 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қаңтарда Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

16 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Орал қаласында

16 қаңтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында 16 қаңтарда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады.

16 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 18 м/с, түнде Мұғалжар ауаданында екпіні 23 м/с болады.

16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында түнде 16 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 16:37

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ұқсас жаңалықтар