Әлем • 24 Шілде, 2024

Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Непал астанасы Катмандудағы Трибхуван халықаралық әуежайында Saurya Airlines әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан көтерілу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Фото: Twitter/keshabpoudel2

Katmandupost басылымының хабарлауынша, бортта экипаж мүшелерін қосқанда 19 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құлаған жерден 18 адамның мәйіті шығарылған.

Әуежай басшылығының айтуынша ұшақта жолаушылар емес, тек техникалық мамандар болған.

Анықталғандай, апат жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де ұшу-қону жолағынан көтерілу кезінде болған. Ұшақ елдегі халқы ең көп екінші қала Похараға бет алған. Куәгерлердің айтуынша ұшақ ұшу-қону жолағының оңтүстік шетінен (Котешвор жағы) көтеріліп бара жатқанда кенет аударылып, қанатының ұшымен жерге соғылып, бірден отқа оранған. Содан кейін ол ұшу-қону жолағының шығыс жағындағы - Buddha Air ангары мен радиолокациялық станцияның арасындағы сайға құлаған.

Оқиға орнында полиция мен өрт сөндірушілер құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар