Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021

Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қаңтар күні Қазақстан аумағына Қытай, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте барлығы 1 941 жолаушы ұшып келген. Оның 1 725-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 216 азамат ПТР-анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары. Атап айтқанда: Алматы қаласының әуежайына – шетелден барлығы 6 рейс қонды, 1 169 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 1 042, анықтамасыз - 127; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен - 650, анықтамасыз - 89; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 14 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген ҚР азаматтарының тест нәтижелері белгілі болды. Оған сәйкес, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.