Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды

Полиция мәліметінше, 16 қаңтар сағат 10.18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалыссыз жатқан қызды көргені анықталды. Оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасай бастаған. Жедел медициналық жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың қайтыс болғаны анықталды», - деді полицейлер.