Қазақстан • 17 Қаңтар, 2021

Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді

19 рет көрсетілді

16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 халықаралық рейс қонды, 1 123 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 923, анықтамасыз - 200;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамамен - 416, анықтамасыз - 55;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 242 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 122;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы, анықтамамен - 141, анықтамасыз – 54. «Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Арақ сатылмайтын аудан

Аймақтар • Кеше

Ерлікке толы суреттер

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар