Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 58 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 1 179 объект мониторингпен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды

777 тағам объектілері, 345 коммуналдық нысандар, 57 балалар мен жасөспірімдерге арналған объектілер бар. Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде. Мониторинг топпен анықталған кемшіліктер үшін 58 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 019 720 теңгеге айыппұл салынды. 

18 қоғамдық тамақтану орындары, 1 түнгі, 1 лотереялық, 3 компьютерлік және 4 бильярд клубтары, 1 кинотеатр, 8 мейрамхана, 1 бургер орталығы, 9 азық-түлік дүкендері, 3 лоундж-барлар, 2 қораз төбелестіретін орын, 2 жанармай құю бекеті, 2 сауда нүктелері, 1 қонақ үй кешені, 1 монша, 1 балабақша бар.