Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіттің Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.
«Телемұнараға үш құтқарушы шығып, жігітті 116 метр биіктіктен төменге түсірді», – дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі өкілдері.