Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанына алдағы мамыр айында екі жыл болады. 2019 жылы қолға алынған жоба қабылданған сәттен бастап бүгінге дейінгі істелген жұмысты сараптап, баға беруі әзірше ерте. Дегенмен еліміздегі экотуризмді дамыту жөніндегі жаңа бағыт қазірдің өзінде нәтиже беріп жатқанын анық аңғаруға болады.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап қысқа мерзім ішінде Мәдениет және спорт министрлігі ең үздік әлемдік тәжірибе негізінде ұлттық парктерде туризмді дамыту бойынша ұтымды жоба дайындап, Премьер-Министр және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсынған болатын. Аталған жоба қолдау тауып, оны іске асыру үшін жобалық басқарудың жаңа жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде, Іле-Алатау паркіндегі визит-орталық негізінде ұлттық парктерде экотуризмнің жаңа форматы енгізілді. Осылайша, тек сақтау тірегіндегі «шектеулі» тәсілден, тұрақты даму негізінде «белсенді-жасампаз» тәсілге көшу ұтымды енгізілуде.
Халықаралық тәжірибені кешенді зерттеу АҚШ ұлттық парктерінің тиімділігін көрсетті. Ондағы басқару жүйесі жалпы ауданы 34 млн га, жыл сайын 330 млн келуші келетін 61 федералдық ұлттық парктерді (Алтын Гейт, Шенандоа, Муир, Йосемит, Гриффит, Гранд Каньон және
т. б.) қамтиды.
Осы тәжірибенің негізінде тұрақты туризм мен биоәртүрлілікті дамыту талаптарын сақтай отырып, экотуризмді дамытуды көздейтін тұжырымдама әзірленді. Ұлттық парктердегі туристік ағындарды жүйелі дамыту туристердің табиғи көрікті жерлермен жанасуының алғашқы нүктелері болатын визит-орталықтар құру арқылы жүзеге асырылатын болады. Толыққанды туристік қызметтерді көрсету үшін қажетті туристік инфрақұрылым қамтамасыз етіледі. Атап айтар болсақ, жайластырылған соқпақтар, шолу алаңдары, кемпинг пен глэмпингтер, тамақтану пункттері, авто-үйге арналған тұрақтар және тағы басқа да Ұлттық парктердің бас жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
2019 жылдан бастау алған мемлекеттік бағдарламаны тиімді үйлестіру үшін Мәдениет және спорт министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұлттық парктер аумағында туристік қызметті дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы шарттарға бастамашылық жасады.
Сондай-ақ 2019 жылы Kazakh Tourism ҰК АҚ, Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктерінің базасында өңірдін бес ұлттық парктің аумағын қамтитын және Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің және әрбір ұлттық парктің өкілдерін қамтитын Алматы тау кластерінде туризмді дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылды.
Қалыптасқан даму моделі инвесторларды тарту бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2020 жылы бірлескен жұмыстың нәтижесінде Іле-Алатау ұлттық паркінің Аюсай шатқалында тұрақты құрылыстың барлық стандарттары бойынша экологиялық материалдардан салынған алғашқы визит-орталығы ашылды.
«Аюсай» визит-орталығы отандық өндірістің ағаш құрылымдарынан жиналған 3 модульден тұрады. Әр модуль 200 м2 құрайды, олардың негізі металл байланысы бар геошуруптар арқылы бетон қолданбай салынған, ал ғимараттың өзі толығымен ағаш пен шыныдан жасалған. Америкалық технологияны қолдана отырып, жоба жеңіл дизайн түрінде жасалған. Бұл шешімдер арқылы, визит-орталық Аюсай шатқалының ландшафтымен үйлесім тапқан.
Сондай-ақ экотуризмді дамыту жобасы аясында төрт жыл ішінде 155 шақырым жаяу жүргіншілер арналған соқпақтар жөнделіп, 17 жаңа жаяу жүргінші және велосипед сүрлеу жолдары ашылады. Сонымен қатар 10 глэмпинг, 2 кэмпинг, 1 этноауыл және 1 керуен тоқтайтын орын салу жоспарлануда. Сонымен қатар алдағы уақытта Алматы өңірінің ұлттық парктерінің аумағында 27 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартудың арқасында тағы осындай 13 визит-орталық салынады.
Туризм саласына өзгеріс енгізіп жатқан әлемдік трендтер табиғаттағы демалысқа сұранысты туғызып жатыр. Оған дәлел ретінде экотуризм, агротуризм, керуен туризмнің белсенді дамуын айтуға болады. Қазақстан аумағының кеңдігі мен ұлттық табиғи парктердің көптігін ескере отырып, экотуризм бойынша аймақтың көшбасшысы болу мүмкіндігіне ие.
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:19
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қоғам • Бүгін, 08:16
Аймақтар • Бүгін, 08:14
Руханият • Бүгін, 08:09
Алтын қолды батыр апай ауыл ауруханасында еңбек етеді
Аймақтар • Бүгін, 08:07
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:04
Руханият • Бүгін, 08:02
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар