Қазақта «сұңғыла» деген сөз бар. Бұл атау нені білдіреді дегенге тоқталсақ, 2013 жылы жарық көрген Қазақ тілінің үлкен түсіндірме сөздігінде: сұңғыла деп – зерек, зерделі, тез байқағыш, аңғарымпаз адамды айтады депті. Бұл пайым дұрыс әрине. Өйткені қазақ баласы басқа жұрттан осы сұңғылалық қасиетімен ерекшеленіп тұрады. Өзбек халқының бірінші президенті марқұм Ислам Кәримов «қазақтан жолдасың болса, жолдан адаспайсың» дегенді көп айтатыны сияқты, күллі әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Әбішұлын бір ауыздан «сұңғыла саясаткер» деп мойындағаны тегін емес.

Осы орайда, халқымыздың сұңғылалық қасиеті жайлы сырларға тоқталсақ. Ертеректе Арқа жұртына аңғарымпаздығымен аты шыққан Әбіқай шешен бір күні кешкі ымырт үйіріле бастаған тұста: «Жігіттер, күйлі бие мініп, төбет ит ерткен қонақ келе жатыр, дайындала беріңдер», депті. Үкімді естіген ауыл адамдары «Әбекең де айтады-ау» дегендей, біраз құнжыңдасып қоя салады. Арада бие сауым уақыт өткенде, расында, мінгені бие, ерткені төбет біреу келіп түседі.
Елең еткен жұрт «Әбеке айтқаныңыз дәл келді, қалай білдіңіз?» деп қолқа салады. Сонда шешен: «Әй, шырақтарым, бұған ешқандай көріпкелдіктің қатысы жоқ. Маңайда болып жатқан тіршілікті тани біліңдер! Мана шетте тұрған құла айғыр батысқа қарап жер тарпып оқыранды. Ол үйірі басқа ұрғашы жылқының келе жатқанын білдірсе, анау қызыл қаншық өзінен-өзі әбігерленіп, жаланып бірдеңені асыға күткендей қыңсылады. Яғни ол бөтен төбеттің иісін сезді. Бар болғаны осы дейді.
Сол сияқты қазақта руы шекті Мөңке Тілеуұлы деген кемеңгер би өткен. Тарихшылар бұл кісіні Әбілқайыр ханның кеңесшісі болған десе, алты Алаштың атасы Ахмет Байтұрсынұлы «Мөңке жеті жасында билік айтып, өлген адамның құнын бейбіт жолмен бітірген сұңғыла адам болған» деп жазады. Ал заңгер ғалым Ж.Асанов 2001 жылы жарық көрген «Шекті Мөңке би Тілеуұлы» атты кітабында: Бірде Тілеу қария сегіз жасар баласы Мөңкені ашамайға мінгізіп, жолға шығады, дейді. Сөйтіп, әкелі-балалы екеуі көшкен үйдің сүрлеу ізіне кез болады. Бала Мөңке:
– Мына көшкен үйдің 10 ешкісі, үлкен көк серкесі және қара шолақ иті бар екен, – дейді. Әкесі жас баланың сөзіне онша мән бере қоймайды. Содан алды-артын айналсоқтап тағы біраз қараған бала:
– Әке, мына үйдің жалғыз түйесі бар екен, оның оң жақ көзі соқыр екен, – дейді. Тағы біршама уақыт өткен соң:
– Әке, мына үйдің әйелі екіқабат екен, ай-күні жақындап қалыпты, – дейді. Осы сөзден кейін Тілеу қария: – Шырағым, осы сен не айтып келе жатырсың? – деп мән беріп сұрайды. Баласы: «Мен мына көшкен үйді айтып келе жатырмын», дейді.
Көп ұзамай бұлар көшкен үйді де қуып жетеді. Бала айтқанындай, расында 10 ешкі, жалғыз көк серкесі, қара шолақ иті, оң жақ көзі соқыр түйесі бар екен. Әйелі екіқабат, ай-күні жетіп отыр. Тілеу сегіз жасар баласының білгірлігіне таңырқап: – Балам, мұның бәрін қайдан білдің? – деп сұрағанда, Мөңке былайша жауап айтыпты:
– Үйдің қонған жерінде ешкінің жатқан орны 10 екен. Қақ ортаға маңайына ешкімді жолатпай жалғыз көк серке жатыпты. Оның серке екенін ізінен білдім. Жүннің көк екенін орнында қалған қылшығынан білдім, – депті.
– Ал иттің шолақ екенін қайдан білдің? – дейді әкесі.
– Ит құмда шоңқайып отырған екен. Отырған жерінде шолақ құйрығының ізі түсіп қалыпты және сол жерде қара қылшық жатты. Әкесі:
– Ендеше, түйенің соқыр екенін қайдан білдің?
– Түйе жолдың сол жағындағы шөпті шалып жеп, оң жағындағы шөпке тимеген екен, содан білдім.
– Ал әйелдің жүкті екенін қайдан білдің?
– Ол түзге отырған жерінде екі қолын тіреп тұрған екен. Екіқабат, ай-күні жақындағанын содан білдім, – деп жауап беріпті.
Кейін бұл бала ел ауызында «Мөңке би» деген атымен тарихта қалды. Әсіресе бұл кісінің ХVІ ғасырдың өзінде қазақ халқының болашағы жайлы болжап айтқан: «Құрамалы, қорғанды үйің болады‚ Айнымалы‚ төкпелі биің болады. Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, Күнде жиын болады. Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚ Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады, Алашұбар тілің болады‚ Дүдәмалдау дінің болады...» дегені арада бес ғасыр өткенде айнымай келіп тұрған жоқ ба? Қазіргі қазақ баласы жоғарыдағы бабалардан қалған байқампаздық қасиет сұңғылалық сырынан айырылып бара жатыр, ағайын! Ойланарлық дүние бұл!
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар