Спорт • 20 Қаңтар, 2021

Әли Әлиев «Шахтердің» бас бапкері болып тағайындалды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал футболшы Әли Әлиев Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Қарағандының «Шахтер» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әли Әлиев «Шахтердің» бас бапкері болып тағайындалды

Әли 1980 жылы Алматыда дүниеге келді. 1998-2006 жылдар аралығында Алматының «Қайратының» сапында ойнады. Сол аралықта 186 рет жасыл алаңға шыққан жартылай қорғаушы 18 мәрте нысананы дәл көздеді. 2009-2011 жылдар аралығында Түркияның «Кайсери Эрджиесспорт», «Карталспорт» және «Диярбакырспорт» клубтарында өнер көрсетті. Кейіннен елімізге қайта оралып, «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы» және «Қызылжардың» намысын қорғады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді. 

Әли Әлиев 2014 жылдан бері жаттықтырушылық қызметпен айналысты. Былтыр Петропавлдың «Қызылжарын» бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарды.

Соңғы жаңалықтар