Жылды жабатын соңғы отырысында Солтүстік Қазақстанның ономастикалық комиссиясы сенсациялық шешім қабылдады деуге болады. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бергі 29 жылда өзге этнос өкілдері көп қоныстанған терістіктегі елді мекендердегі тек 321 көшенің ғана атауы өзгертілген болса, соңғы отырыста 263 көшенің атауы өзгертіліп, қайта аталатын болды. Бұған осыдан төрт ай бұрын тамыз айындағы отырыста өзгертілген көше санын қоссақ, барлығы 336 болады...

Осы уақытқа дейін басқа этнос өкілдерінің үлесі үлкен кейбір елді мекендерде тіпті бірде-бір қазақы атауы болмайтын. Кеңестік кезеңнің қазақы атауларға деген салқын көзқарасы осы уақытқа дейін қалмай келген. Тіпті аздаған қазақ атауларының өзін орысша интерпретациясымен атап, қазақылықты жолатпайтын. Мысалы, Шағалалы деген көлдің жағасында қоныстанған Шағалалы ауылын «Чаглинка» деп атап кеткен. Сөйтіп, өзінің жер-су атаулары, ауыл-селолары мен көше-алаңдары ешқашан қазаққа жақын болған емес. Енді соның бәрін түзету қолға алынғаны ел мен жердің қазақтікі екенін айқындай түседі. Әзірге 700-дей көше атауы өзгертілді. Сонымен бірге бірнеше ауылдық округ пен ауыл да қазақы атау алатын болды.
Облыстың ономастикалық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтің айтуы бойынша жаңа атау алған көшелер перспективасы жоғары ауылдардікі. Сонымен бірге жөнделіп, күтілген көшелердің аттары ғана өзгертілген. Әйтпесе, жағдайы төмен көшелердің атын өзгертейік десе, тұрғындар «алдымен жөндеп алмайсыңдар ма, тозығы жеткен көшенің атын өзгерткеннен не пайда?» деп кейістік білдірер еді. Сондай-ақ жаңа атау алған көшелердің біраз бөлігі бұрын идеологиялық тұрғыдан ескірген аттарды иемденгендер. Мысалы, қаптаған «Карл Маркс», «Фридрих Энгельс», «Коммунистическая», «Комсомольская», «Советская», «Большевистская», т.б. Бұлардың қатарында дүниежүзілік коммунистік қозғалысқа белсене қатысқан шетелдік төңкерісшілердің, террористік акциялар ұйымдастырған лаңкестердің аттарындағы көшелер де бар. Сондай-ақ еш мағынасы жоқ «Новая», «Кирпичная», «Заовражная», «Артиллерийская» және т.б. көше атаулары көп-тін. Білмекке ұмтылған талабы бар жасқа ешқандай патриоттық үлгі-өнеге немесе таным мен білім бермейтін осындай атаулар енді қазақстандық ғалымдардың, өнерпаздардың, әншілер мен күйшілердің, еңбек ардагерлерінің, ақындар мен жазушылардың есімдеріне алмасты. Бұл қатарда ұлы Абайдың, ұлы ханымыз Абылайдың, азаттық жолында күрескен Кенесарының, батырлар Құлеке мен Құлсарының, Батыр Баян мен Жансүгірдің, күй атасы Құрманғазының, Ақан серінің, тұңғыш ғалымымыз Шоқан Уәлихановтың, Алаш қайраткерлері Әлихан мен Міржақыптың, Жүсіпбек Аймауытовтың, ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Жұмағали Тілеулиннің, Жұмағали Саиннің, ғалымдар Қаныш Сәтбаевтың, Евней Бөкетовтің, Мұрат Айтхожиннің, қайсар қайраткерлер Қайсар Тәштитовтің, Смағұл Сәдуақасовтың, Жұмабек Тәшеновтің, Кеңес заманындағы батырларымыз Бауыржан Момышұлының, Жәлел Қизатовтың, Әлия мен Мәншүктің және т.б. есімдерімен көшелер аталды. Қазіргі замандағы қайраткерлеріміз қатарында Ербол Шәймерденовке, Герольд Бельгерге, Дінмұхамед Қонаевқа, Бәйкен Әшімовке, Еркін Әуелбековке де көше аттары берілгені жүрекке қуаныш ұялатады. Сол сияқты қазақтың иісін шығарып, жан-жүрегін танытатын «Құлагер», «Бәйтерек», «Сырымбет», «Қызылжар», «Егемен Қазақстан», «Тәуелсіздік» сияқты атаулар да көше аттарына берілген. Қазақстанға еңбек сіңірген орыс есімді азаматтар да ұмыт қалдырылған жоқ. Олардың қатарында Еңбек Ерлері Геннадий Зенченконың, Петр Филиппенконың, Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың және т.б. есімдері бар. Осынша қазақ атауларын иемденген көшелер енді ешқашан қазаққа жат болып көрінбейтіні хақ.
Ономастикалық комиссияның төрағасы Ғани Нығыметовтің осы жылдан бастап облыс орталығындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атау алған көшелер де жаңаша аталатынын айтты. «Ол үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Заң талабы солай болған соң біз де бұлтара алмаймыз. Сондықтан ономастика бойынша біздің алдымызда 2021 жылы ұлан-ғайыр жұмыстар күтіп тұр. Алдымен ауыстыруға ыңғайлы атауларды қолға аламыз», деді ол. Ал аудандардағы атауларды қазақыландыру бұрынғы бағытпен, тоқталмай жалғаса бермек. Біз де бұл жұмыстарға сәттілік тіледік. Елдікке бастар осындай істер терістіктің ежелден қазақ жері екенін айғақтай түспей ме?
Солтүстік Қазақстан облысы
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Бүгін, 15:43
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:59
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:32
Спорт • Бүгін, 13:03
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Бүгін, 12:49
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:11
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:58
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әнші туралы веб-ойындар жасады
Әлем • Бүгін, 10:25
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Бүгін, 10:06
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:49
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:10
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Бүгін, 09:06
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар